Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен 5 есімдіктерді тауып , мағыналық түрін анықтаңыз./ Внимательно прочтите текст.
Қостанай облысының Сарыкөл ауданында тұратын бір кәсіпкер ауылда жиі жарық өше бергендіктен, өз қолымен желден қуат өндіретін қондырғы құрастырып алған. Қазір ауласында тұрған құрылғыдан күніне 3 киловатқа дейін ешбір кедергісіз электр энергиясын алады. Былтыр осы бастамасы үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 2 миллион теңге қайтарымсыз грантқа ие болды. Содан бері тағы 7 жел қуатын өндіретін құрылғы жинап шығарды. Тұтынушылар – негізінен жергілікті тұрғындар мен жеке шараушылық иелері.
Алғашқыда желден энергия өндіргіштің шағын түрін жасады. Қазіргілердің бәрі қуаттырақ. Секундына 15-20 метр жел соққанда, бір құрылғы күніне 2-3 килловат электр энергиясын өндіреді.
1. Найдите в тексте 4 местоимения и определите их смысловой тип.
1). 2). 3)4)
1. Ақпараттық технология (ағылш. information technology, қысқ. IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
2. Ақпараттық технологияның маңызы:
- компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты арттыру;
- оқу процесінде компьютерді пайдалану;
- модельдеу идеясы оқыту процесінде жаңа мүмкіндіктер береді;
- компьютерлік оқыту бағдарламалары.
3. Ақпараттық технологиялардың негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1. Деректерді өңдеудің ақпараттық технологиясы жақсы құрылымдалған есептерді шешуге арналған, шешу алгоритмдері жақсы белгілі және барлық қажетті кіріс деректері бар;
2. Басқарудың ақпараттық технологиясы басқару шешімдерін қабылдауға байланысты кәсіпорындардың барлық қызметкерлеріне ақпараттық қызмет көрсетуге арналған;
3. Автоматтандырылған кеңсенің ақпараттық технологиясы кәсіпорын персоналының қолданыстағы байланыс жүйесін толықтыруға бағытталған;
4. Шешім қабылдауды қолдаудың ақпараттық технологиясы шешім қабылдауды қолдау жүйесі және адам қатысатын итерациялық процесс нәтижесінде болатын басқарушылық шешімді әзірлеуге арналған);
5. Сараптамалық жүйелердің ақпараттық технологиясы жасанды интеллектті пайдалануға негізделген.
4. Кибернетика - табиғат пен қоғамдағы басқару мен байланыстың жалпы заңдары туралы ғылым; нанотехнология - бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру.