В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Alenka267
Alenka267
08.05.2023 07:06 •  Қазақ тiлi

Мәтінді мұқият оқыңыз. Оның басты идеясын 5-6 сөйлеммен жазбаша түсіндіріңіз.( ) Тəн саулығына керек нəрселер не?

1)   Тəн өзіне керекті нəрселерді мезгілімен тиісті күйінде, керек мөлшерімен алып тұру (ауа, тамақ, сусын сияқты нəрселерді).
2)   Ағзамыз əр түрлі қызметін мезгілімен дұрыс басқарып, дұрыс атқарып тұру, мəселен, тамақ қарында қайнап пісуі, бойға сіңуі, қан мезгілімен тарап тұруы сияқты қызметтер.
3)     Тəнге зиян келтіретін ауру құрты, у, суық сияқты нəрселерден тəнді қорғау.
Бұл үш шартты орнына келтіру үшін, əуелі, дем алатын ауа, жейтін тамақ, ішетін сусындардың жəй-мəнісін білу керек. Екінші, тұратын үй, киетін киім, тұтынатын нəрсе, істейтін жұмыс, тəн тəрбиесіне керек толып жатқан нəрселер бар – олардың жəй-мəнісін білу керек. Үшінші, тəнге зиян келтіретін нəрселердің тəнге кіретін жолдары бар, ауру құрттарының өсетін, көбейетін орындары бар – оларды білу керек. Тəн саулығына керек нəрселердің ішінде тегіні – күннің  жарығы мен ауа, арзаны – су. Басқасының бəрі оңай қолға түспейтін нəрселер. Ақылды айту оңай, алу да ауыр емес, орнына келтіру қиын кезде қымбатқа айналып кетеді. Ең тегіні – ауа мен жарық. Адам далада  жүргенде  бұларды  тегін  пайдаланады, үйде отырғанда тегін пайдалана алмайды. Өйткені, үйдегі ауа мен күннің жарығы даладағыдай болу үшін үй жақсы болу керек. Жақсы үй арзан болмайды. Арзан дегеніміз су екен, оның да таза болуына қолайлы орын, жақсы ыдыс, жағдайлы шарттар керек, оның бəрі оңай табыла бермейді. Ақтығында бұл да арзан түспейді. Тегін деген күннің жарығы һəм ауа, арзан деген су – бұлар мұндай болғанда, басқа тəн саулығына керек нəрселер арзан түспейтіні айтпай-ақ анық.

Ең əуелі, бəрінен бұрын тазалықтың қадірін біл! Тəн саулығының тамыры тазалықта, жан сұлулығының тамыры тəн саулықта.А.Байтұрсынұлы / «Ел - шежіре»

Показать ответ
Ответ:
misha515
misha515
17.05.2020 02:30
Армандай берсен арман көп сияқты. Болашакта мен өз армандарыма қол жеткіземін деп сенемін. Қазір өзімнің арманымды айтсам сіздерге біртүрлі көрінетін шығар. Мен өмірден көп нәрсе қалайтын адамдарданмын. Сондықтан да осы әлемде өмір сүріп жатқанан кейін барлық нәрсені көргім келеді.(жақсы жағынан). Қазіргі менің арманым жанымдағы ата-анама, туыстарыма және достарыма қолымнан келгенше көмегімді тигізу солардың бақытты болғанын қалаймын. Ал кішкентай кезімдегі арманым актриса болып, карьера құып миллионер атанғым келетін еді. Әттең қыз болып туылғанмын да, отбасы құру дегендей. Бірақ өкінбеймін қыз болып туылғаныма. Қыздардың арманы көп болғанымен айналып- айналып бір жерге тоқталатын сияқты. Алла қаласа бір жақсы күйеуге шығып, бақытты отбасы құрсам. Осы армандарым орындалу үшін қолымнан келгенін бәрін істеймін
0,0(0 оценок)
Ответ:
ninayurova51
ninayurova51
23.10.2020 12:05
Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Шығармаларзаттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. 

осыларды қатыстырып диалог, әңгіме құрай. бер
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота