В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
mmozgovoj
mmozgovoj
01.09.2022 03:21 •  Қазақ тiлi

Мәтінді мұқият оқып, автордың көзқарасын ажыратып, өз пікіріңізді білдіріңіз. Бал ашамын деп бәлеге қалған...

Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал:

- Мен сендерге бір әңгіме айтайын, - деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. - Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, - деп жалғады ол сөзін. - Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас...

.-Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз.
Берген тамағын талғажау қыламыз. Екіүш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:

- Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? - дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп:

- Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің женуіміз қиын болады-ау! - деді.

Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіртб жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.​

Показать ответ
Ответ:
annaznanijacom
annaznanijacom
11.07.2021 04:25
Еліміз егемендік алып, еңсеміз көтеріліп, елдігіміз бен теңдігіміз теңеліп, дініміз бен тіліміз қайта жаңғырып, тәуелсіз қазақ елі біршама жетістіктерге жетті.Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған бабаларымыз бен даналарымыздың артында қалған армандары мен аманаттары орындалып, көп ұлтты қазақ елі жиырма жылдың ішінде біршама өркендеп, экономикасы мен әлеуметтік жағдайы көтеріліп, әлемнің дамыған елдерінің қатарынан көрінді. Атап айтсақ, дамыған мемлекеттер арасында ЕЫҚҰ мүшелігіне қабылдануымыз.Тұңғыш рет елімізде Азиада алауы тұтанып, қазақ елінің мерейі үстем болды.Ел болып егеменді қазақ елі,Алматым сұлу көркі асқақ еді.Жөнелтіп ұлы көшті Арқа жаққа,Нұр ағам нұрлы жолға бастап еді.Біздің осындай мақтанышпен қарайтын Алматы және Астана қос қаламыздың келбеті әлем тарихынан орын алды.Астана қаласы азғана уақытта салтанатты гүлденген қалаға айналды. Бұл Тәуелсіз елімнің басына қоған бақыты екені айқын.Қазақ елінің терезесі теңеліп, осында тұратын елімнің ынтымағы мен татулығы жарасқан. Тәуелсіз еліміздің ертеңі, болашағы қазіргі жастар мен жас жеткіншектер біздің келешек ұрпақтарымыз.Келешекте қазақ елі бұдан да үлкен жетістіктерге жетуіне әрбір азамат өз үлесін тигізіп, ат салысса нұр үстіне нұр болар еді.Қазақ елім, тұғыры биік алыпсың,Егемен елім тарихыңа қанықпын.Көгілдір туың көгінде мәңгі желбіреп,Берекесі мен бірлігі артсын халықтың!Тәуелсіз қазақ елінің айы оңынан туып, биіктерден көріне берсін.
0,0(0 оценок)
Ответ:
vektar1234
vektar1234
29.04.2022 06:52

Жалғаулар

Жалғау— сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік. Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз.

Көптік жалғаулар: дар/дер л, м, н, ң, ж, з

тар/тер қатаң дауыссыздар + б, в, г, д

лар/лер дауыстылар + й, р, у

қағаздар, емтихандар, кiлемдер, жолдастар, мектептер, таулар, үйлер.  

Септік жалғаулар арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.

Атау септік: – еш жалғаусыз.

Ілік септік:  - ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің.

Барыс септік: ға,ге,қа,ке.

Табыс септік: - ны,- ні, - ды, - ді, - ты, - ті.

Жатыс септік: - да, - де, - та, - те.

Шығыс септік: - нан, - нен, - дан, - ден, - тан,- тен.

Көмектес септік: - мен, - бен, - пен.

Мысалы:

Кітап/мектеп

Кітаптың/мектептің

Кітапқа/мектепке

Кітапты/мектепті

Кітапта/мектепте

Кітаптан/мектептен

Кітаппен/мектеппен

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді

I жақ: -м, - ым, - ім.

II жақ: –ң, - ың, - ің.

II жақ: –ңыз, - ңіз, -ыңыз, - іңіз.

III жақ: -сы, - сі, -ы, -і.

Мысалы:

Жекеше:

Менің досым/дәптерім

Сенің досың/дәптерің

Сіздің досыңыз/дәптеріңіз

Оның досы/дәптері

Көпше:

Біздің досымыз/дәптеріміз

Сендердің достарың/дәптерлерің

Сіздердің достарыңыз/дәптерлеріңіз

Олардың достары/дәптерлері

Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.

Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.

Жекеше /// көпше

І жақ -мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін /// І жақ - мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз.

ІІ жақ -сың, -сің /// ІІ жақ -сыңдар, -сіңдер

ІІ жақ -сыз, -сіз /// ІІ жақ -сіздер, -сыздар

ІІІ жақ – ///ІІІ жақ-

Оқушымын /Оқушымыз

Оқушысың/ Оқушысыңдар

Оқушысыз /Оқушысыздар

Оқушы/ Оқушылар.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота