В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Яна5789
Яна5789
27.05.2023 12:22 •  Қазақ тiлi

Мәтінді мұқият оқып, етістерді теріп алып, тұлғасына қарай ажыратыңыз  
Аз уақыт ішінде көркі көз қуантар керемет астана салынды.ЭКСПО-ға дейін әлі де талай таңдай қақтырғызар ғимараттар салынуы мүмкін .Осының барлығы елбасының көрегенділік саясатының арқасында жасалынды.Қаланың сәулетіне барлық елдердің ең керемет сәулетшілері тартылып, барлығы атсалысты. Ұшақпен  Нұр-сұлтан қаласының әуежайына келдік. Сарыарқаның самалы  соғып тұр. Әуежай жақтан кірер жолда биік мемориал орнатылыпты. Ол – саяси қуғын көрген адамдарға арналған ескерткіш. Ескерткішке гүл шоқтарын қойдық.Қала Есіл өзенін бойлай орналасқан. Өзеннің қаланың қақ ортасымен өтуі де өзгеше әсемдік сыйлағандай. Зәулім үйлер мен көркі көздің жауын алатын әсем де, көркем ғимараттар көптеп салынған.​

Показать ответ
Ответ:
Mashavicks
Mashavicks
27.01.2022 20:06

Адам болып дүниеге келген соң әр адам ананың сүті арқылы ана тілін,анасының тәрбиесін бойына сіңіріп өседі. Адам үшін ана тілі-туған тілі. Әр халықтың өз тілі,өз діні,өз әдет-ғұрпы бар. Әрбір халық өз ана тілін құрметтейді,қастерлейді. Ал өз ана тілін білмеу-надандық. "Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңде құрметте" дегендей,қанша тілді білсе де,әрбір жеке тұлға өз ана тілін құрметтей білу керек.

Қазіргі заманда адамдар ағылшын,француз тілдерін үйренуге талпынып жатыр. Себебі,ағылшын тілі шет елдермен қарым-қатынасқа түсу үшін өте қажет. Сонымен қатар,қытай,француз,орыс тілдерін біліп жүру де артық етпейді. Әр түрлі елдің тілдерін білу-мақтаныш,әрі адамның білімді екенін көрсетеді және де көптеген елдермен араласуға мүмкіндік тудырады. Үш тілден көп тілді білетін адамды "Полиглот" деп атайды. Елімізде үш тілді,яғни,қазақ,орыс,ағылшын тілдерін білу қажет. Болашақта көп тілді білудің пайдасы көп. Көптеген тілді білген адам жұмысқа да оңай орналасады. Алайда,қаншама тілді үйренсек те,ана тілімізге деген құрметті ұмытып кетпейік

0,0(0 оценок)
Ответ:
праллель
праллель
31.10.2020 01:55
"Судың да сұрауы бар" деген даналықты тікелей мағынада түсініп көрелікші бір сәт. Сусыз өмір жоқ екенін теорияда керемет білеміз. Ал іс жүзінде сол тіршілік көзі суға деген құрмет жоғалды десем артық айтқаным емес.

Күнделікті ішетін кофе судың соры екен. Бір киолграмм кофе өнімін дайындау үшін жиырма екі мың литр су жұмсалады екен. Осыдан соң кофені ішкім келмей қалды.

Бір жеңіл автокөлігін шығаруға екі жүз литрдей кетеді дейді статистикада. Одан да көп кетпесе аз кетпесі анық.

Әлемдегі судың 3 % (үш пайызы) ғана тұщы су екен.

Егер адам ағзасына 2 литр су жетіспейтін болса, ондай жағдайда адамның ойлау мен жұмыс жасау іс-әрекеті 20 пайызға төмендейді екен.

Ер адамның ағзасы 70% судан тұрады.

Енді мына сұмдықты күнде бәріміз көріп жүрміз: Дәрет алғанда неше литр су кеткенін есептеп көрдіңіз бе? Ғұсыл алғанда ше?

Күнделікті астан соң жуылатын ыдыстарға неше литр су жіберетініңзді есептеп көрдіңіз бе?

Бір ауызашарға барып, астан соң қолымды жууға жуынбөлмеге кіре бергенде сарылдаған судың дыбысын естідім де еріксіз сол жаққа қарадым. Асхана бөлмесінде екі келіншек суды сарылдатып "рахаттана" ағызып ыдыс жуып тұр екен. Жүрегім сыздап кетті. Шыдай алмай қастарына барып суды ысырап етуге болмайтынын айттым. Жақтырмады. Маған ақыл айтты. Құдайдың суын аяйсыз ба не?, - деп жекіп те алды. "Өзіме де сол керек" дедім де "асығыс шаруаммен" үй иесіне рахметімді айтып кетіп қалдым. Үйге келгенше жаяу жүріп Алладан кешірім сұрап келдім өзім үшін де және суды ысырап еткендер үшін де. Бір жарым сағат жүріппін үйге дейін.

Әкем (Алла оған разы болсын) жаңбыр суын да жинап бақшамызға пайдаланатын еді. "Алланың алдына барғанда судың да сұрауы болады балам" дейтін.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота