В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
nselt
nselt
08.04.2020 22:11 •  Қазақ тiлi

Мәтінді мұқият оқып, мазмұндаңыз, ондағы тірек сөздерді, негізгі және қосымша ақпараттар мен көзқарастарды табыңыз. Екі дос
Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып, дос болады. Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң, ол жаудың қолбасына: Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да: Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді. Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт. Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы. Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбейе өтеді. Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

Показать ответ
Ответ:
xalmatovr
xalmatovr
07.07.2020 18:24

Бауыржан Момышұлын нағыз елін сүйген елі үшін соғыста аянбай тер төккен батыр деп айтуға болады. Батыр атамыз соғыс жағдайындағы қажетті қатал тәртіпті жақсы түсініп соны орната білген. Сол үшін тәртіпке бас иген ел құл болмайды деп те айтып кеткен. Бауыржан Момышұлының үлкен ерліктерінің бірі соғыста жүріп кітап жаза білген. Сол кітаптар қазіргі ұрпақ үшін бағыт бағдар беріп өнеге болып отыр. Бауыржан Момышұлы Ұшқан Ұя және Қанмен жазылған кітап атты еңбектерінде барынша патриот болуға үндейді. Қазіргі уақытта елімізде Бауыржан атамыздың  аты үлкен құрметпен еске алынады. Баукеңнің ерлігі еліне арналған еді.

Объяснение:Ерлігі еліне арналған

0,0(0 оценок)
Ответ:
yaroslavaaf
yaroslavaaf
24.01.2023 17:26
Қазақ тілі-бай тіл.Оралымды,ырғақты,теңеу-бейнеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай,Ілияс сияқты,прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл.Мен осындай тілімізді таза ұстайық деймін. Иа,қазақ тілі-дамыған,жетілген,бай,икемді тілдің бірі.Қазақстанның болашағы да осы қазақ тілімен байланысты. Осыған орай жыл сайын біздің еліміз 22 қыркүйек- «Мемлекеттік тіл-қазақ тілі» мейрамын атап өтеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю. Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан,Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп С.Торайғыров ағамыз жырлап өткен.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота