Мәтінді мұқият оқып, негізгі ойын анықтаңыз. Берілген жолдарда автор сол кезеңнің қандай мәселелерін көтереді? Ойыңызды жүйелеп, жинақы мәтін
жазыңыз.
Нұрмахан Баталұлы Алпысбаев. (Соғыс ардагері, Б. Момышұлын емдеуші дәрігер)
- Сарыағаш ши 1960 жылдан істеймін. Баукең бізге 1961 жылы келіп, демалды. Бұл кезде А.
Бектің «Волоколамское шоссе» кітабын оқығам, Бауыржан Момышұлы туралы толық түсінігім бар
болатын. Ол кісі кабинетіме кіріп келгенде, орнымнан атып тұрып, құшақтап амандастым. Кездескеніме
қуанғаным сондай, бетінен сүйдім.
Баукеңнің үстінде полковниктік әскери киім, қолында папка. Өзімен бірге ала келген «За нами Москва»
кітабын маған сыйлады. Ол кезде ши құрылысы жаңа жүргізіле бастағандықтан палаталар
жетіспей, Баукең шопанның киіз үйінде тұрды. Одан кейін де бірнеше рет жұбайымен келіп демалды.
Бильярдты тамаша ойнайтын. Қарсыласы ережені бұзған кезде: «Сен кіммен бəскелескеніңді білесің
бе?!» – деп таяғымен сескендірген де кезі бар.
Бауыржан Момышұлын мен көп жыл емдедім. Адамдармен жақсы қарым- қатынаста болды, жұртпен
сырласып, сөйлескенді ұнататын, көпшіл еді. Ой бөліскен кездерім де аз емес, кейде ол кісімен бильярд
та ойнадым. Әділдікті сүйді. Біреу соқтығып тиіспесе, өздігінен ешкімге тиіспейтін. Тазалықты сүйетін.
Ұқыптылықпен емделді. Өсек-аяңға көңіл бөлмейтін.
1. Мәтіндегі негізгі ой
2. Мәтінде көтерілеген 1- мәселе
3. Мәтінде көтерілеген 2- мәселе... .
4. Мәтінде көтерілеген 3- мәселе... .
5. Автордың ойы
6. Менің ойым... .
Қасым Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген, оқушы жұртшылыққа кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы. Оның 1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Одан кейінгі кездерде «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді. Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар» сынды тағы да басқа кітаптары жарық көрді. Батыр Қ.Қайсенов Қазақстанның халық қаһарманы. Ол «Богдан Хмельницкий», «Отан соғысы», «Чехословакия партизандары», Украинаның «За заслуги» ордендерімен, Кеңес Одағының көптеген орден, медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы әдеби сыйлығының лауреаты атанған.
Білім - ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.
Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.