Мәтінді мұқият оқып, төмендегі кестені толтырыңыз.
Тұңғыш Елбасымыздың « ... Біздің бір ғана Отанымыз тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік елге» жететінімізге сенімдімін ... , өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік ел» деген сөздермен толыға түседі.
«Мәңгілік ел» – ата-бабаларымыздың сан мыңдаған жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең болып әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.
Президенттің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында «Мәңгілік ел» – бұл бүкіл қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» – деп жазылған.
Мәңгілік ел – жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, әрі бабаларымыздың асыл арманын жүзеге асыру, яғни мәңгілік ел болу шектеусіз ғұмыры бар, тәуелсіз, тұғыры биік, ғылым- білімі дамыған, бірлігі жарасқан қабілетті ел болу үшін болашақ ұрпағымыз осы негіздегі мықты идеологияны бойына сіңіру қажет.
Казахские буквы не писал т.к. не читает программа.