Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
1. Өлеңнің тақырыбын анықтаңыз
А) жастарға сенім арту
B) табиғат
С) саясат мәселесі
D) ғашықтық
2. Өлеңнің негізгі идеясы қандай?
А) өз Отанының елдігін, ерлігін мадақтау
B) табиғаттың көрінісін сүйсіне жырлау
С) ауыл адамдарының тұрмысын сипаттау
D) жастарды жігерлендіру
3. Өлең жолын жалғастырыңыз. Сөздерiнде жалын бар,
А) Жаннан қымбат оларға ар.
B) Қырандай күштi қанатты.
С) Көздегенi көк аспан,
D) Жайып қанат ұмтылған.
1. А жастарға сенім арту
2. D жастарды жігерлендіру
3. A Жаннан қымбат оларға ар.
1)А
2)Д
3)А Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар.