В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Nesnayka228
Nesnayka228
03.11.2022 12:17 •  Қазақ тiлi

Мәтінді оқыңдар. Мәтіннің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін талдаңдар. Жаһандық мәселелер дегеніміз - өркениеттің әрі қарай дамуына әсер ететін, адамзаттың өміріне өз ықпалын тигізетін мәселелер жиынтығы. Адамзаттың жаһандық мәселелері - планетамыздың барлық тұрғынының өмірлік қызығушылығын қозғайтын және әлемнің барлық мемлекеті ортақтасып шешетін мәселелер. Адамзаттың жаһандық мәселелеріне жататындар:

• дамыған елдер мен дамушы елдердің экономикалық қатынасы мәселесі;

• азық-түлік мәселесі;

• кедейлік мәселесі;

• энергетика мәселесі;

• экология мен тұрақты даму мәселесі;

• әлемді. мұхитты меңгеру мәселесі;

• демография мәселесі.

Бұл тізім тұрақты емес. Өркениеттің дамуымен бірге жаңа жаһандық мәселелер туып отырады. Мысалы, ғарыштық кеңістікті игеру, климатты қадағалау т.б.

Дамыған елдер мен дамушы елдердің экономикалық қатынасы мәселесіне олардың арасындағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылықты азайту үшін дамыған

нарығында дамушы елдердің тауарларына сұранысты өсіруді, дамушы елдерге капитал мен білімнің ағымын ұлғайтуды (әрине, көмек ретінде), сыртқы қарыздардың есептерін шығаруды және т.б. жатқызамыз.

Азық-түлік мәселесі дегеніміз - халықтың өзін-өзі ең қажетті азық-түлікпен толық қамтамасыз ете алмауы. Бұл мәселе әлеуметтік жағдайы төмен елдерде азық-түліктің абсолютті жетіспеушілігінен болса, дамыған елдерде тамақтану теңгерімсіздігінен болып отыр. Бұл мәселенің шешімі табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, ауылшаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогреске және мем лекет тарапынан қолдауға тікелей тәуелді.

Кедейлік мәселесі жаһандық мәселелердің ішінде ең негізгілерінің бірі болып отыр. Кедейлік - мемлекеттің сол елдегі адамдарды ең қарапайым және ең арзан өмір жағдайымен қамтамасыз ете алмауы, дамытушы елдердегі кедейліктің үлкен масштабы тек ұлттық қана емес, сонымен қатар әлемдік тұрақты дамуға үлкен қауіп тудырады.

(Ж.Оспанбаев пен Д.Төленгітованың «Жаһандану және адамзат дамуының жаһандық мәселелері» мақаласынан)

Показать ответ
Ответ:
Коцюрбей
Коцюрбей
24.03.2023 02:16

А ң қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап а ң сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир. Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу. Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша - мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру. Мысалы: мектептегі бірінші сыныпта әліппе пәнін оқып бітіргеннен кейін кітапханашылар мұғалімдермен тығыз байланыстағы бағдарламаны жыл көлеміне ұйымдастырса. Алғашқы күннен бастап «Біздің кітапхана» деген балалар кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса.. Кітапханашыларға көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата – анасының біреуі айына бір – рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе, танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасасса. Ол апта сайын ауысып, кезек келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Олар өзімен бірге басқа оқушыларды тартары сөзсіз. Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты ұқыптап ұстауына, уақытында алған кітапты қайтаруына, кітпаханашы маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына болысады. Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата – ана жауапкершлігі артады. Қорытынды шығарылып «Кім көп кітап оқыды?», «Кім жылдам?» деген сайстар өткізу. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп оқитын, сауатты оқушыны аңғарып мадақтау. Басқа оқырмандар да соған ұқсау , не жаңаны ойлап табуы қалыптасады. Кітап оқымайды деп байбалам салғанша жан – жақты болып қызмет жасауымыз керек. Оқырман мен кітап оқушы қоғамды қалыптастыру ата – ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы керек. Әрине сауалдар мен себептер көп. Одан қалды түрлі сылтауға кезігеді екенбіз. Ал ол себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қандай күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады. Кітапханашылар жас ұрпақты әдебиеттен тыс елеңдететін ақпарат түрлері көп, қазақ тілінде балаларға арналған әдебиеттер тым аз деп шырылдайды. Әр баланың жасына сай, тіліне жатық, безендірілуі көркем орыс тілінде басылған кітаптар сияқты қазақ тіліндегі басылымдардың сапасы осындай болуын өтінеді.Әр түрлі саладағы баларға арналған ана тіліндегі энциклопедиялардың жоқтығы. Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу. 2 сәуір – Халықаралық балалар кітаптарының күні күнделікті баланың өмірінің дағыдысына айналса игі ағайын.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
кисюня011088
кисюня011088
31.01.2022 11:55
Биатлон — қысқы, сонымен қатар жазғы спорт түрі, белгілі бір қашықтық сайын шаңғы үстінде мылтықпен нысанаға оқ ата отырып, шаңғымен жарысу. Биатлоннан 1958 жылдан дүние жүзі чемпионаты, 1960 жылдан қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы бойынша жарыстар өтеді.Халықаралық биатлон федерациясы 1948 ж. құрылған, 60 мемлекеттің өкілдерін біріктіреді. Қазақстанда биатлон 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап дами бастады. Республика биатлоншылары Азия чемпионаты мен 12-, 13-Азия ойындарында жүлделі орындар алды. Қысқы биатлонның кейбір нұсқаларында винтовка орнына садақ қолданылса, басқаларында тіпті аңшы мылтығы және аңшы шаңғысы пайдаланылады. Биатлонның қысқы емес, яғни жазғы түрі келесі комбинациялардан тұрады:жүгіру және оқ ату,тау велосипеді, яғни маунтин-байктармен жарысу және оқ ату. Барша биатлон түрлерінен тек «классикалық» қысқы биатлон және жазғы биатлон Халықаралық биатлон федерациясы жетекшілігі астында.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота