Мәтінді оқыңдар. Тақырыпқа назар аударып, символ сөздерді анықтаңдар. Қайғың – күл, қуанышың – от Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт: – Ақ ата, келген бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық па? – дейді. Сонда Бөлтірік – Қарағым, байлық қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ ұшып-қонған құсың емес пе, балаң артта қалған ізің емес пе? Бәрінен жолдас- жораңмен, ағайын-туғаныңмен, ел-жұртыңмен сіз-біз десіп өмір сүргенге не жетсін! Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың – күл, қуанышың – от, – дейді.
Менің елім мәңгілік ел!
Атамекен! Туған жер! Отан! Ел тағдыры - ер тағдыры демекші, елім деп еңіреген, кіндік қаны тамған туған жерін еріксіз жыр – жұмбақ қисса - дастанға қосып, қаншама жаугершілік заманның куәсі болған, ұлы қазақ хандығының 550 жылдығына орай, елім, ұлы Алаш теңдессіз дана - Қазағым туралы өзімнің қысқаша қылқалам туындыларымды ой елегімнен өткізбеске болмас деп бел будым. Сонау 550жыл бұрын іргетасы қаланып, сұрапыл сан мыңдаған ғасырлардың басты кейіпкері - қайтпас қайсар қазақ хандығының аты мәңгі өшпес құнды дүние екені хақ. Ел басқарған би де, болыс та, таққа отырып, данышпан ақылгөйлігімен, тыс жаудан қорғай білген қайырымды хан да, даудың түйінін риясыз шеше білген ауыл ақсақалдары да дүйім қалың қазағымның маңдайына қонған алтынның сынығындай өлшеусіз бақ екені сөзсіз.
Объяснение:
Сипаттау мәтіні дегеніміз белгілі бір нәрсенің құбылыстың сын сипатын егжей тегжейлі сипаттайтын мәтін түрі. Сипаттау мәтінің басқа мәтіндерден айырмашылығы: етістіктері өткен немесе осы шақта қолданылады; сипаттама тілі (сын есімдер, үстеулер); көңіл күй етістіктері мен нақты зат есімдер; сенсорлық елестетуді қолданады; сипаттау үшін салыстыруды қолданады. Сипаттау мәтінін табиғат көріністерін, адам портреті бейнесі т.б. сын есімдер, үстеу түрлерін қолданылып, заттар салытырмалы түрде сипатталуында көре аламыз.