Мәтінді оқы. Мазмұны бойынша жоспар құр. Мен де, сен де Қазақстан алдыңғы қатарлы ел болуы үшін қызмет етуіміз керек. Қазіргі заманғы әмбебап адам болуды үйренемін. Дегенмен қоғамда, ғылымда үлкен бетбұрыс жасау оңай емес. Ол үшін терең білім қажет. Сонда әрі елін сүйген нағыз азамат боламын, әрі «ЭКСПО» секілді жаһандық бәсекеде жеңемін! «Жаһандану» дегеніміз – бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми- техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығы- ның қалыптасуы. «Жаһандану» сөзі ағылшын тіліндегі «globalization» сөзі- нен аударғанда, «ғаламдық», «жалпы әлемдік» деген мағынаны білдіреді«Жаһандану» деген термин ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап қолданысқа енген. Жаһандану - пайдасы мен зияны қатар жүретін үдеріс. Пайдасы: эко- номиканың ғылым мен техниканың дамуына жол ашылды, халықаралық ынтымақтастық кеңейді. Басқа елдермен сауда-саттық дамыды. Ғылымда жаңалық көптеп ашыла бастады. Адамдар интернет арқылы көп дүниені оқып-біліп жатыр. Жастарымыз ағылшын тілін меңгеру арқылы шетелдік ғалымдардың техника саласындағы ғылыми еңбектерімен таныса алады. Көптеген жастарымыз шетелде білім алып жатыр және т.б. Жаһандану тұрмысымызға жаңалықтар әкелді. Күнделікті тұрмысымызда емін-еркін пайдаланып жатқан техникалық зат көп. Германия мен Америкадан шыққан жеңіл мәшине, үйіміздегі Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік Кореядан шыққан шаңсорғыш, Жапонияда шығарылған магнитофон, кiржуғыш, ыдыс- жуғыш мәшинелер және т.с.с. Жаһандану барлық жерде жүріп жатқан үрдіс. Ол бәсеке. Бәсеке болған жерде даму болады. Жаһандануда бәсекеге қабілетті ел ғана жеңеді. Ал бәсекеге қабілетті ел болу үшін білім керек.
7-тапсырма. «ПОПС» формуласын қолданып, мәтін бойынша өз пікіріңді
дәлелде.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ... ...»;
Екінші сөйлем: «Себебі мен оны «... ...» деп түсіндіремін»;
Үшінші сөйлем: «Оны мен «... ...» деген фактілермен, мысалдармен дә-
лелдей аламын»;
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен «...» деген шешімге келдім».
Қолөнер – қазақ халқының асыл мұрасы.Бұл қолөнер туындыларын үй шаруасында жүрген қыз-келіншектер мен әжелер айналысқан.Қазақтың қолөнер шеберлігі алаша, кілем, киіз жасауда, киім түрлеріне ойып салынған өрнектерден айрықша аңғарылады.Ағаштан түйін түйген ұсталар өз шеберханаларында ертоқымды, ағаш ыдыстарды, ат-әбзелдерін, киіз үй жабдықтарын түрлі өрнектермен безендіріп жасаған. Ағаштан жасалған бөшкелер, ат арбалар берік болуы үшін тобылғы сынды мақты ағаштар таңдалған. Ағашқа өрнекті ойып салған. Ағашты бояп немесе күйдіріп, ою түстерін құбылтып отырған.
Түсті металдарды балқытып, зерлі әшекейлерді, ыдыстарды, тұрмысқа пайдалы жабдықтарды жасаған адамды Зергер деп атайды. Аталған шеберлердің қолөнер туындысына қарап оның көңіл күйін, болмысын, мінезін, тұратын мекен-жайын, тіпті шаруашылығымен танысуға болады. Зергерлер өз айналасындағы сұлулықтың барлығын қолөнер бұйымдарында көрсете білген. Мәселен, жүзік, сақина, білезік, шашбау, сырға, таға, белдік, кісен, зерлі табақ т.б. жасауда қошқардың мүйізін, аша тұяқтарды, билеген талдарды бейнелеп өрнек салған.
Айдын Ақанұлы Айымбетов (27.07.1972, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы) - Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы. Шыққан руы жалайыр.Мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "ұшқыш-истребитель" мамандығы бойынша бітірген.
Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке:
«Халық қаһарманы» атағы (14.10.2015)
Алтын Жұлдыз айрықша ерекшелік белгісі мен
«Отан» ордені (2015) берілген.