В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
avalak99
avalak99
26.01.2021 07:42 •  Қазақ тiлi

Мәтінді оқы. «Нәзиланың наразылығын тудырған оқиға». 1) Үзінді бойынша екі сұрақ құрастыр.
2) Автор қандай мәселе көтеріп отыр және айтпақ ойы қандай?

***
Үйде Омар, Нәзила, Гауһар. Қамажай кіріп келгенде, Нәзила орнынан ұшып тұрады.
Нәзила: Жолдастар! (Қамажай аңырып тұрып қалады). Біздің әпкейдің жеке мәселесін қарауға арналған үй жиналысын ашық деп жариялаймызн. Түрлі себептермен жиналысқа екі адамымыз қатыса алмай отыр. Тимур қызбен кездесуге кетті. Ермек түнгі сағат он бір болғандықтан, жиналысқа қатыса алмайтынын мәлімдеп, ұйықтауға кетті. Жиналыс ашық дегендеріңіз қол көтеріңіздер! (Өзі бастап бәрі қол көтерді).
Қамажай: Ойбай-ау, сендердің... бұларың не? Мен... сәл... Кешігіп қалғаным...
Нәзила: Жолдас Оспанова, отырыңыз.
Қамажай: Мыналардың дені сау ма, ей? «Оспановасы» несі? Әпке немесе әлгі мамуля демеуші ме едіңдер?
Нәзила: Сіз бұл жайында өзіңізге сөз берілгенде айтасыз. Сонымен іске кіріселік. Осы шаңырақтың белді мүшесі әрі басшысы Оспанова Қамажайдың өзге отбасы мүшелерімен ақылдаспай, өз бетінше жұмысқа орналасқаны бәріміздің ашуымызды қоздырғаны белгілі. Бұл мәселе жөнінде кімнің қандай ойы бар?
Гауһар: Мен Қамажай апайдың ертеңгі жұмыс күнімен құттықтаймын! Бірақ бізге айтпағанына өкпелімін.
Омар: Ғылыми тұрғыдан қарағанда, әрбір адам өз қоғамына қай жағынан болса да пайдалы болуы тиіс. Өйткені, қоғам – адам ойының жемісі. Қол еңбегі мен ой еңбегінің арасында айырмашылық жойылып, еңбекті творчество деп қарауға қалыптасып келе жатқан жаңа психологияның тұсында
Нәзила: Сіз халық университетінде лекция оқып тұрған жоқсыз, сондықтан нақты сөйлеңіз.
Омар: Ғылымға негізделмеген дәлел әлсіз болады, сондықтан сіздерге түсініктірек болсын деп...
Нәзила: Иә, әйтеуір, тез айтып болшы.
Омар: Бұл кісінің жұмысқа орналасуы заңды, бірақ біз үшін тым күтпеген жай. Демек, біздің отбасында шығын көп те, кіріс аз деген сөз. Бұл кісі финанс тапшылығын ескеріп, ұлттық табысқа өз үлесін қосуды ойлаған. Өзіміздің әлсіздігімізді, финанс тапшылығын сезіну – бізге рухани соққы. Ал бұл кісінің әйтеуір бір кезде қоғам өміріне араласуы тиіс екенін ескеріп, кәсіп таңдау жағына өз басым қарсы екенімді білдіремін. Бұл мәселені өз қабырғамызбен кеңірек ойласып, жедел шешім қарастыру керек.
Нәзила: Болдың ба, әйтеуір?
Омар: Болдым.
Нәзила: Онда тезірек отырыңыз.
Қамажай: Е-е, міне, гәп қайда? Сендер менің жұмысқа орналасуымды намыс көріп отыр екенсіңдер ғой. Бұларың дұрыс емес. Сонда мен үйде қол қусырып отыра бермекпін бе?
Нәзила: Жоқ, сіздің кондуктор боламын дегеніңіз ұнамайды.
Гауһар: Иә, иә.
Омар: Иә, иә.
Қамажай: Бұларың дұрыс емес. Жұмыстың жаманы жоқ. Оның үстіне, әжептәуір жалақы алып тұрсам, біз үшін тым артық бола ма? Ермекжан есейді. Үйде өзі қала тұрады. Кейде өзіммен бірге алып кетермін. Биыл мектепке барады. Ұзартылған күн деген бар екен ғой, соған берерміз

Показать ответ
Ответ:
movamrr
movamrr
22.03.2022 16:03
Мәдениет Әлеумет Мұрағат Жоба туралы Популярные посты блогера Қыз ұзату. Кеше, бүгін 106117 8 47 Сүйікті тағамдарды бірге дайындаймыз. I бөлім. Тағамдар жасау 86069 40 149 Жексенбілік аспаздық: үй торты 83171 11 128 Жексенбілік дастархан: тез пісірілетін пицца. Пицца рецепт қазақша 62755 13 74 Мерекелік салат 46895 15 41 Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар 41197 4 45 Құрақ көрпелер көрмесі 40113 17 46 Тікелей эфир Балнур Айдарова 14 ақп. / 15:57 Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы sybanzhanova 19 қаң. / 13:37 Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне фото шолу Нурбек Мусиров 6 шіл. / 5:38 Гастаға бұлшық ет өсіруге көмектескен 8 дерек Мадина Раисова 25 мау. / 1:27 Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА жатақханасына фото шолу Амангул Елдоскызы 4 мам. / 10:35 Педиатр мамандығы: нәрестенің денсаулығын қалай сақтауға болады? Нуркен Рыстанбеков 28 сәу. / 13:37 Outfit of the day. Эксперимент. Мади Магауияулы 21 сәу. / 18:26 Гастаға бұлшық ет өсіруге көмектескен 8 дерек Мадина Стамкулова 21 сәу. / 7:57 Қыста ішуге пайдалы 9 ыстық сусын Загира Мусаева 20 сәу. / 18:20 Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА жатақханасына фото шолу Кенжегүл Халыхбай 13 сәу. / 0:28 Шетелде білім алу: İstanbul Üniversitesi Әлеумет Мен жазушы болсам...

Әдеби әлемнің танымал туындылары оқырманына дәуірдің тыныс-тіршілігі мен тарихи кезеңдері, әлеуметтік теңсіздік пен қоғамдық құндылықтар, сондай-ақ автордың тебіреністері жайында сыр шертеді. Абайдың ұлы поэзиясы, Толстойдың тарихи прозасы, Ибсенның новаторлық драматургиясы біз үшін өткен күндердің картинасын құруға және де сол заманның әлеуметтік санасына кіріп кетуге мүмкіндік береді. Әрине, бұның барлығы да әдебиеттің құдіретті күші. Ол бізге шетел асып, шекараны бұзуға көмектеседі: түрік әлеміне жақын боламын десең, Памуктың романдары, ал үндістердің өмірімен танысамын десең, Рушдидың прозасы бар. Алайда, жазушы болу — үлкен жауапкершілік, әрі кез келгеннің қолынан келе бермейтін өнер. Содан болар, қазіргі жазушылардың көтерген әдеби жүктерінің ауырлығы соншалық, посткеңестік кеңістікте ұлттық проза кенжелеп, жазушы деген атақ құнсызданып бара жатқандай...

0,0(0 оценок)
Ответ:
sevsdasdaddd
sevsdasdaddd
24.01.2023 01:39

Белгілі тарихшы А .И. Левшин (1799— 1879) «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуінде қазақ өлкесінің тарихы

.1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицері Б.С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланды.

Семенов-Тян-Шанский(1827—1914) де Қазақстанды зерттеуші ірі ғалымдардың бірі болды. Ол Алтай мен Жетісудың және Қазақстанның оңтүстік өңірін зерттеуге қатысты. Ғалым «Ресей. Толық географиялық сипаттамасы» атты көп томдық серияның «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» деген іргелі екі томын әзірлеуге белсене қатысты. Оларда Қазақстанның географиясы ғана емес, сонымен қатар қазақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, сауда-саттығы және шаруашылық қызметінің түрлері туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген.

Белгілі ғалым әрі Батыс Сібірдің әкімшілік қызметкері В.В. Велъяминов-Зернов XVI—XVIII ғасырлардағы

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота