Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі негізгі ақпараттар мен қосымша ақпараттарды теріп жаз Ұлттық музей заманауи технологияларды таныстырды
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде аудиогид пен «QR-кодтың» және «оnline-ticket» жүйесінің таныстырылымы өтті. Ұлттық музей - заманауи жаңа технологиямен жабды

лған еліміздегі бірегей музей. Жақында ғана бір жылдығын атап өткен мәдениет ошағы әлемдік ірі музейлердің қатарына тек сәулеті жағынан ғана емес, сондай-ақ, мазмұндық және қызмет көрсету жағынан да енуді мақсат етеді.
Бүгінгі музей тарихи жәдігерлер сақталатын қойма емес, елдің арғы-бергі тарихын жаңа заман ағымына сай озық технологиялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өз көрерменін жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ететін рухани орталық болуға тиіс. Бұл үшін қазіргі таңда Ұлттық музейде барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Музей арнайы контенті бар доғал экранмен, сондай-ақ, медиа-еден, қазіргі Астананың орталық бөлігінің серпінді макеті, голограммалар, диодты жарығы бар «Led-техникамен» және арнайы сенсорлық дүңгіршектермен жабдықталған.
Бұдан былай музейге келушілер тарихи жәдігерлермен арнайы экскурсовод мамансыз-ақ, аудиогидтің көмегімен өз бетінше экскурсия жасап, таныса алатын болады. Аудиогид қызметі үш тілде, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жүргізіледі.
Сондай-ақ, музей экспозициясындағы жәдігерлер мен макеттер тұсында олардың тарихы жайындағы жан-жақты мәліметтер жазылған «QR-кодтар» орналастырылған. Музейге келушілер «QR-кодтардағы» ақпараттарды арнайы планшеттер арқылы сканерлеп оқи алады. Немесе арнайы бағдарлама негізінде ұялы телефондар арқылы да танысуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, дәл осындай тәсілмен қызмет көрсету Қазақстанда тұңғыш рет Ұлттық музейде жүзеге асырылып отыр.
Сонымен қатар, музейде «оnline-ticket» жүйесі де іске қосылып отыр. Жаңа жүйе бойынша елорда тұрғындары мен қонақтары Ұлттық музейдің билеттеріне «astanamuseum.kz» веб-сайты арқылы онлайн-режимде алдын ала тапсырыс беру мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. Электрондық билетті рәсімдеуге небары екі-ақ минут кетеді. Ал билет иелері музейге өздеріне ыңғайлы уақытта келе алады.

2. Мәтіннен іріктелген ақпараттарыңыз негізінде бірнеше сұрақтар құрастырыңыз. Сұрақтарыңыз негізгі, қосымша ақпараттар мен көтерілген мәселені анықтауға бағытталуын ескеріңіз.
Өмірге келген соң уақытты бағалай білу керек.Ол саған тапсырылған сынақтан өту үшін берілетін бір жеңілдік. Уақытты бағалай білу керек.Алтынның өзінің уақытты қайтаруға шамасы келмейді. Сол үшін әрбір секундты бағалай білу керек.Кейін Алла Тағала алдына барғанда саған берілген уақытқа не істедің,не жақсылық жасадың деген сұрақ қойылады.Сол себепті уақытты жақсы іс жасаумен өткізу керек.Уақыт кері қайтара алмайсың. Сол себепті әрбір ісіңді ойланып істе.Уақытты туыстарыңнын ,достарыңнын жанында өткіз.Пайдасыз іске уақытыңды жоғалтпа.Уақытты бағалай біл!
Мен оны жаман заттардан қашық болып жүру керек деп түсінетін. Мысалы ретінде біреудің бағалы затын ұрлық қылу керек, бір адамнан өшін алу керек деген ойлардан алыс жүру керек деген мағынаны білдіреді. Біз жамандықты тек адамдарға емес және өзімізге де жаман істер істей аламыз. Сондықтан біз адамдардың өміріне тигізетін жамандық істемей және жақсылықты істеп жүруге тиіспіз. Біз адамға сөз айтар алдында ойлану керек біз оған жақсылық әлде жамандық істедікпе? Жақсы сөз жанды жылытады. Ал жаман жүректі жаралайды бәлкім біз айтқан сөзден сол адам өз өмірінен айырылып қалады шығар. Сондықтан біз осы өмірге тек жақсылық көрсетуіміз қажет.