В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
ElliDiHastua
ElliDiHastua
23.05.2020 07:59 •  Қазақ тiлi

Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Гүлнәр мен Дәурен үйде қалды. Анасы жұмысқа кетерде, малға уақтылы шөп салуды Дәуренге тапсырды.
Гүлнәр үй ішін сыпырды, еденді таза шүберекпен сүртті. Терезе алдында үлкенді-кішілі құмыраларда өсіп тұрған үй гүлдеріне су құйды.
Дәурен достарымен бірге балық аулауға кетті. Ауыл жанындағы өзеннен он шақты балықты түске дейін қиналмай-ақ ұстады. Ол бұған қатты қуанды. Балық аулаймын деп кеш болып кеткенін Дәурен байқамады. Бір кезде анасының сөзі есіне түсті:
– Ау, достарым, мен үйге қайттым. Анам «Малға шөпті уақтылы бер» деген еді. Мен болсам ұзақ отырып қалыппын, – деп ұстаған балықтарын жинастыра бастады.
Үйге кірерде Дәурен ең алдымен малды қораға қарай бұрылды. Қора ішінен байқағаны – екі сиырдың алдында мол шөп. Жануарлар жеп тұр. Дәуреннің көңілі жайына түсті.
– Дәурен, балықты көп ұстапсың ғой, – деді Гүлнәр көйлектерді жуып жатып.
– Ия, Гүлнәр. Балықтың қызығына түсіп, кеш келдім.
– Сен кешіккен соң, малдарға шөп салып қойдым.
– Рақмет, Гүлнәр, – деді Дәурен ризашылығын білдіріп. Сөйтті де, Гүлнәрдың жанында бос тұрған екі шелекті қолына алып, құдықтан су әкелуге кетті. Қайырымды әпкесіне осы сәтте қолынан келгенше көмек көрсеткісі келген еді.

1. Мәтінге қандай ат лайықты?
а) Балық аулау
ә) Қайырымды әпке
б) Ананың тапсырмасы
в) Дәуреннің көмегі
2. Дәурен үйге неге кеш келді?
а) Сабақтан кеш шықты.
ә) Балықтың қызығына түсті.
б) Малға шөп жинады.
в) Далада доппен ойнады.
3. Гүлнәрдің мінезіне лайық сөздерді табыңыз.
а) өсекші, өтірікші, жалқау
ә) ұқыпты, таза, еңбекқор
б) білімді, тұйық, қыңыр
в) іскер, пысық, арам
4. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.
а) Үйінде қартың болса — асыл қазынаң
ә) Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің.
б) Аз сөз алтын, көп сөз көмір.
в) Ақылды өзінен көреді,
Ақылсыз ағайыннан көреді.
5. Мәтінге сәйкес сөйлемді табыңыз.
а) Дәурен балық аулағанды жақсы көрмейді.
ә) Дәурен әпкесін сыйламайды.
б) Дәурен уақыттың өткенін байқамай қалды.
в) Дәурен үйге ерте келді.
6. Мәтінде қазақтың туыстарына көрсететін қандай ұлттық қасиеті туралы айтылған?
а) тазалық
ә) еңбекқорлық
б) жалқаулық
в) бауырмалдық
7. Мәтіннен синоним сөздерді табыңыз.
8. Қай сөйлемде етістіктің қалау райы бар?
а) Дәурен достарымен бірге балық аулауға кетті.
ә) Малға шөпті уақтылы бер.
б) Дәурен, балықты көп ұстапсың ғой.
в) Қайырымды әпкесіне осы сәтте қолынан келгенше көмек көрсеткісі келген еді.
9. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
а) Дәуреннің анасы қайда жұмыс істейді?
ә) Гүлнардың жасы нешеде?
б) Дәурен анасына қандай көмек көрсетуі керек?
в) Дәурен нешінші сыныпта оқиды?
10. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
а) үй сыпыру, еден сүрту, гүлге су құю
ә) балық аулау, кеш келу, малға шөп салу, Дәуреннің ризашылығы
б) достармен өзенге бару, қуану, кеш келу
в) көйлек жуу, еден сүрту, су әкелу

Показать ответ
Ответ:
Fantom511
Fantom511
26.10.2020 14:20

Басты бет ЭССЕ Күз тақырыбында шығарма

ЭССЕКүз - береке бастауы

Күз тақырыбында шығарма

Martebe.kz -29.10.2020324915

Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл-күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бірде күн шайдай ашылып тұрады. Күзде білім күні басталады. Бұл күнде енді мектеп табалдырығын аттайын деп жатқан кішкентай балалар қуанады. Олар үшін бұл күн өте ерекше. Жалғыз кішкентай балалар үшін ғана емес, біз үшін де бұл күн өте ерекше. Себебі, бұл күнде біздің өмірге деген көзқарасымыз ашылып, әлемді тани бастаймыз. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Жерге алтын кілем төселгендей болады. Арасында шыршалар ғана түсін өзгертпеген. Барлығы әсерлі, өте керемет. Құстар жылы жаққа ұшып барады, ал балалар аула жұмысын бөлісіп тазалауда. Кейбіреулері жеміс-жидек жинаса, біреулері ауланы түскен жапырақтардан тазартуда. Балалар әрі еңбек етіп, әрі ойын ойнауда.Барлығы көңілді. Жануарлар да қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалуда. Қоян, қасқыр, түлкі сияқты жануарлардың жүндері қалыңдай бастайды. Адамдар да қызу еңбек үстінде. Диқаншылар егіс даласында дән жиса, ауыл адамдары отын, көмірлерін түсіріп, қыстан қысылмай шығудың қамын жасауда.

Объяснение:

Надеюсь дұрыс

0,0(0 оценок)
Ответ:
dimasik4325
dimasik4325
23.03.2020 18:52

ответ:А берілген баға жетпес құндылықтардың бірі-уақыт.

Бүгінгі күні дамыған өркениетті елдерге бара қалсаңыз, кез-келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екенін байқайсыз. А уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрседен қағылатынын жақсы біледі.

Уақыт-бір орталықтан бастау алатын және мәңгілікке созылған спираль тәрізді. Біз ауқаттанған кезде астың дәмінен ләззат алып, оның пайдасын көреміз. Уақыт та сол сияқты: сәттерін, минуттарын, күндері мен апталарын қаншалықты тиімді пайдалансақ, соншалықты ләззат аламыз, оның өтіп, оралмасқа кеткенін қаламаймыз. Өмір ләззаты мен қуанышы сезіліп, әрбір күніміз бен келешегімізге үміт отын сыйлаған кезде, қаншалықты көз тоймас нығмет болса да, егер оны ойланбай өткізсек, оның адамның иығына артылған ауыр жүктен ешқандай айырмашылығы болмайды.Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын. Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.

Кей жандардың «уақытымды қалай өткізсем екен?»-деп  ойлауының өзі қауіпті. Қазіргі таңда жастардың түрлі әрекеттерге баруы, қылмыс жасауы, моралдық азғындықтарға салынуы, не істерін білмей бос жүруі жиі кездесіп қалады.Әсіресе, жазғы демалыс кездерінде балаларға үлкендер тарапынан бақылау күшейтілмесе, айтарлықтай зардап әкелуі де  мүмкін.  Сол себепті де мұсылманмын деген адам уақытын босқа өлтірмеуі тиіс. Бұл да болса уақытты дұрыс ұйымдастыра алмауынан болып отыр. Адамдардың  бос отырудан сақтанғаны жөн. Уақыты болса, араз адамдарды татуластыруға, мамандығына сай жұмысымен айналысса, жетім-жесірлерге қол ұшын беруге дайын тұрса, жалпы пайдалы іспен айналысуға өз уақытын жұмсағаны дұрыс.

А екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт және денсаулық. Кез-келген отбасында адамның уақытын алатын нәрселер көп-ақ. Атап айтар болсақ, теледидар және ұялы телефон. Жасыратыны жоқ, бұл күнде көк сандығы жоқ үйді елестету мүмкін  емес. Ұялы  қалта телефон- кім-кімнің де айырылмас досына айналған. Қанша алтын уақыттары телефонға үңілумен өтуде. Көп уақытын теледидар алдында өткізетін адамдар көп нәрседен құр қалып жатады. Оның орнына көркем әдебиеттерді оқыса, рухани дүниесіне мол азық болар еді. Уақыттың тағы бір аңдушысы-ұйқы. «Түнгі ұйқысын түгел ұйықтаған адам мақсатына жете алмайды» деген халық даналығының  астарын түнгі уақытын шығармашылыққа арнаған М.Мақатаев ағамыздың өлеңінен де аңғарамыз.

Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған,

Ұйықтасын сапарларын тамамдаған.

Алдымда сапар жолы тарам-тарам,

Ұйықтасам, барлығынан қараң қалам.

Ия, уақыттың бұдан да басқа жаулары көп-ақ.

Уақытты тектен- текке өткізу-көп сөз, көп қыдырудың да еншісінде.

Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан да оны  алтынға балайды. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта. Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Мысалы, жаман әдетке құмар адам уақытын тек осы жолға арнайды. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен өткізеді. Құмар ойнағыш уақытын ойынмен толтырады. Ал өзің алтын уақытыңды қалай өткізудесің? Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке  еш жете алмайды. Уақыттың қадірін  бағалай  білу керек.

Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, тіпті бір секунттың  да  өзіндік құны бар. Осыны түсіне біліңдер!

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота