В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
artemp20012
artemp20012
20.11.2021 08:50 •  Қазақ тiлi

Мәтінді оқып, құрылымы мен рәсімделуі, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдап, берілген кестені толтырыңыз.
Мұнай-химия саласы – дүниежүзіндегі ең табысы мол әрі қарқынды дамып келе
жатқан салалардың бірі. Дамыған елдерде соңғы 5 жылда мұнай-химия өнеркәсібіндегі
өнімдердің өсімі 7 пайыздан асып түсіпті. Демек «қалауын тапса...» қыруар пайда
әкелетіні күмән тудырмайды деген сөз.
Жалпы сарапшылардың пайымына салсақ, мұнай-газ өндірісінің күні батты деуге
әлі ертерек. Аталған сектордың әлеуеті әлі де жеткілікті. Ол үшін саладағы басымдықтың
бағытын аздап бұрған жөн. Атап айтқанда, мұнай-химия саласын дамыту керек. Адам
денсаулығына да, қоршаған ортаға да зиян келтірмейтін қуат көздері табылып жатқан
тұста, құр қара майға қарап отырудың жөні жоқ. Мамандардың көпшілігінің пікірі осы
төңіректе түйіседі.
Рашид Жақсылықов, Мұнай-газ компаниялары одағының алқа төрағасы:
– Қазіргі таңда отандық мұнай-газ өндірісінде «Shell», «Chevron», «Agip» сынды
әлемге әйгілі компаниялар жұмыс істеп жатыр. Осы компаниялардың шикізат күйінде
өндіріп, кейін шетелдерде терең өңделіп, елімізге қайта келген тауарларын қолданбайтын
қазақ кемде-кем. Қысқасы, өзіміздің шикізатты қара бақырға өткізіп, әлденеше есе
қымбатқа қайта сатып алуды әдетке айналдырдық. Яғни импорт өнімдері үшін төленген
қыруар қаражат шетелдердің экономикасына жұмсалып жатыр, – дейді.
Рашид Жақсылықовтың айтуынша, мұнай-химия саласын жолға қоя алсақ, қыруар
тауардың бәрін өзімізде өндіреміз. Шикізат өзімізден шықса, оны өзіміз терең өңдесек,
елде тұтынып қана қоймай экспортқа шығарсақ, мұртымызды балта шаппайтыны
түсінікті. Импорттан үнемделетін қаржы мен экспорттан түсетін табысыңыз көл-көсір
пайданың көзі. Жұмыс орындары көбейетінін де ескеру керек. Оған қоса мұнай-химия
саласы ғылым саласымен қатар дамитынын да ұмытпаған жөн.
Бүгінде әлем жұртшылығы ағаш қолданудан да қалып барады, оның орнын түрлі
пластиктер алмастыра бастады. Мұнайдың қалдығынан жасалатын басқа құрылыс
материалдары да толып жатыр. Пластик құбырлар, жылу бергіш материалдар, есік-тере-
зенің бөлшектері дейсіз бе, барлығына көмірсутегі шикізатын пайдалануға болады. Яғни
мұнай-химия кешенін дамыту денсаулық сақтау, құрылыс және басқа да салаларға оң
ықпалын тигізеді деген сөз.

Мәтін қандай
құрылымдық
бөліктерден тұрады?

Мәтін қандай жанрда
жазылған? Неліктен?

Мәтін қандай стильде
жазылған? Дәлелдеңіз.

Автордың ерекше
тілдік
қолданыстарына
мысал келітіріңіз.

Показать ответ
Ответ:
soung1
soung1
28.01.2021 00:38

Орта Азия елдерімен салыстырғанда Қазақстанда қаншалықты бала құқықтары сақталады?

- Өткен жылы біз әлем бойынша Бала құқықтары туралы тұжырымдаманың 30 жылдығы мен Қазақстанның балалар құқығы туралы конвенцияны ратификациялағанына 25 жыл толуын атап өттік. 1989 жылы әлемдік көшбасшылар "БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясы" атты құжатты бекітті. Қазақстан 1994 жылы Конвенцияны қабылдап, балалардың құқықтарын қорғауға уәде берді. Қазақстан уәдесін көп жағдайда орындай алды. 5 жасқа дейінгі балалар мен сәбилер өлім-жітімін төмендетуге қатысты оңтайлы көрсеткіштерге қол жеткізді. Қазіргі уақытта әрбір қазақстандық баланың толық көлемде білім алуға мүмкіндігі бар. Дегенмен, Конвенцияда баяндалғандай баланың барлық құқықтары толық көлемде іске асырылмайды. Проблемалар назардан тыс қалу қаупі бар балалардың белгілі бір санаттарына қатысты. Айта кету керек, аталған мәселелер – Орталық Азияның барлық елдері үшін өзекті. Бұл балаларды қатыгез қарым-қатынастан қорғау, көші-қон үдерістерінде балаларға көмек көрсету, әлеуметтік жұмысты дамыту, интернат мекемелеріндегі балалар және отбасын қолдауға арналған балама бағдарламалар мен қызметтерді дамыту, даму ерекшеліктері бар балаларды сапалы біліммен қамтумен тікелей байланысты. 

0,0(0 оценок)
Ответ:
kuku1337
kuku1337
18.12.2021 14:33

1. Ыдыс-аяқты жууда химиялық сусабынның орнына құрғақ қышаны пайдалануға болады. Ол майды оңай кетіріп, сумен тез шайылады. 

2. Кез келген ыдысты қайта жылтыратуда ас содасы таптырмас құрал. 

3. Қыша мен ас содасын 1:3 пропорцияда араластырып, басында тесіктері бар бос құтыға салса, ыдыс жуатан жаңа эко-құрал ойлап табуға балады. 

4. Қатып қалған дақтар мен тат басқан ыдыстар лимонның көмегімен оңай тазаланады. 

5. Ыдыстың түбіндегі қаспақты кетіруге сірке суы көмектеседі. Ол үшін сірке суын 1:2 пропорцияда сумен араластырып, ыдыстың ішіне құйып, қақпақпен жауып қайнатыңыз. 

Бөлмелер 

1. Сірке суы тек ас үйде емес, сонымен қатар тұрғын бөлмелерді да тазартуға көмектеседі. Мысалы сірке суын 1:3 пропорцияда сумен араластырып, аяқ астындағы кілемнің дақтарын кетіруге болады. 

2. Терезенің әйнектерін жылтыратуға кәдімді картоп көмектеседі. Картопты екіге бөліп, сол бөліктермен әйнектерді сүртіп, артынан құрғақ сүлгімен тағы бір рет сүртіп шығу керек. 

3. Егер әйнектер қатты кір болмаса, оларды жай таза судың көмегімен жуып, газет немесе басқа да қағаздың көрегімен сүртуге болады. Қағаздың орнына суды жақсы сіңдіретін шүберекті алса да болады. 

Жуынатын бөлме 

1. Сірке суы жуынатын бөлменің кафелдерін де тамаша тазалайды. Тек артынша есікті ашып, жақсылап бөлмені желдетеп алсаңыз болды. 

2. Дәретхананы тазалауда да сірке суын пайдаланған абзал. Ол тек тазалап қоймай, зиян микробтарды да өлтіреді. 

3. Лимон немесе грейпфрутты екіге бөліп, әр бөлікті тұзға малып, жуынатын раковинаны тазалауға болады. 

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота