В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
konsantin1805
konsantin1805
03.06.2020 12:58 •  Қазақ тiлi

Мәтінді түсініп оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз / внимательно прочитайте текст, выполните задания: Домбыра Party
- Домбыра Partу туралы ең алғаш Facebook әлеуметтік желісінен естідім. Суреттер мен пікірлерді көріп, бұл жобаға қызыға бастадым.
Біраз уақыттан кейін Нұрғиса ағамыздың жазған постын оқыдым. Ол жерде бұл кісі Лондонға келетінін және Домбыра Party
ұйымдастыратынын жазып, осы жерде жүрген қазақтардың хабарласуын сұрапты. Мен де бұл мәселе қашан шешіледі екен, болатын
уақыты мен жері қашан анықталады екен деп біраз уақыт күттім. Сүйінші хабарды желі бойынша жан-жаққа тараттық.
Әрине, басында «Лондондағы Домбыра Party-ге аз адам келіп, ұят болып қалмағай» деп те уайымдадық. Себебі жанымда жүрген қазақ
студенттерінің көбісінің оқуы аяқталып, елге кеткен болатын. 6 шілде – Астанамыздың туған күнінде «University College London» атты
оқу ордасында өткен шараға қырыққа жуық қазақ жиналды. Жиналып қана қоймай, Нұрғиса ағамызды қолдап, өздері де қолдарына
домбыраны алып, өнерлерін көрсетті. Көшеде серуендеп жүріп, бізді кездестіріп қуанған қазақтар да болды. Домбыраның үнін естіп,
арамызға келіп қосылып жатты. Біраз қазақ бауырларымыз шетелде жүріп, өз елін сағынғаны байқалды. Осы Домбыра Partу арқылы
шетелде жүрген қазақтар өздерін Қазақстанда болып қайтқандай сезінген шығар. Осындай қазақтардың басын қосатын, елге, жерге
деген сүйіспеншілігін арттыратын, рухымызды асқақтататын бастамалар көбейе берсе екен деп тілеймін. Мен де Домбыра Party-дің
Лондонда жалғасын табуын қадағалап, көмегімді тигізуге әзір екенімді айтқым келеді. (Іңкәр ОСПАНБЕК, Лондон қаласы.
www.aikyn.kz/news/view/26245) )
Тапсырмалар / задания:
1. Мәтіндегі етістіктерді теріп жазып, шағын (өткен шақ, келер шақ) анықтаңыз / выпиши из текста глаголы, определи
время .время, будущ.время).
2. Мәтіннен қалау райлы етістіктерді табыңыз / найди в тексте желательное наклонение глагола).​

Показать ответ
Ответ:
Tenb11
Tenb11
27.07.2021 19:02
  чудо трава злиха и батима пошли в город с двумя ящиками фруктов.злиха    идет в уныние со словами: устала.  батима идет и  смеются и подшучивает. тогда злиха спрашивает: -   ты почему идешь такая радостная? у тебя тоже такой же ящик, но ты даже не устала? батима отвечает: -   я положил в ящик одну траву которая облегчает тяжесть. злиха спрашивает: - а как называется это трава, дай-ка я тоже облегчу свою тяжесть. батима отвечает: - я думая вряд ли оно попадет в твой руки. название травы - «терпение».
0,0(0 оценок)
Ответ:
t4dhjnd1u24ytgh
t4dhjnd1u24ytgh
31.08.2022 22:32

Он тоғызыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінде жыраулық поэзияны одан әрі дамытып, өзінің жарық жырлары арқылы жауынгерлік өлең үлгісін биік сатыға көтерген бірден-бір ақын – Махамбет Өтемісұлы. Ол 1830 жылдарда Қазақстанның батыс өлкесіндегі Исатай бастаған көтерілістің басшыларының бірі әрі басты насихатшысы болды. Исатай батырдың сенімді серігі, халықты оның төңірегіне топтастыра білген идеолог ретінде Махамбет ел билеушілеріне, олар арқылы отарлыққа қарсы батыл іс-әрекеттерге барды. Ақын өлеңдерінде көтерілістің мақсат-міндеттері де, себеп-салдары да айқын көрініс табады. Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім, - деп асқақ арманын білдірсе, оны орындау үшін бас кедергі хандар билігін жою сияқты тағы бір мақсат туындайтыны да Махамбет өлеңінің негізгі объектісіне айналады. Еңсесі биік ақ орда, Еріксіз кірсем деп едім Керегесін кескілеп, Орын етсем деп едім Туырлығын кескілеп, Тоқым етсем деп едім Тақта отырған хандардың Төрде отырған ханымын Қатын етсем деп едім, - деп мақсат тұғырын толғайтын жыр төгеді. Мұның бәрін жүзеге асыру үшін ерлердің алдында қандай міндет тұрғанын да Махамбет қағида түрінде қалыптастырып қадап айтқан: Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңқу-еңқу жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай, Тебінгі терге шірімей, Терлігі майға ерімей Алты малта ас болмай, Өзіңнен туған жас бала Сақалы шығып жат болмай, Ат үстінде күн көрмей, Ашаршылық шөл көрмей Өзі талып ет жемей Ер төсектей безінбей, Ұлы түске ұрынбай Түн қатып жүріп, түс қашпай, Тебінгі теріс тағынбай Темір қазық жастанбай Қу толағай бастанбай, Ерлердің ісі бітер ме?!! – деген жолдары тек батырларды ғана емес, өзінің бостандығы үшін қолына қару алып аттанған бүкіл халық алдындағы міндетін айқындап тұр. Махамбет өлеңдері – көтеріліс шежіресі, халық мұңының көрінісі. Махамбет тұлғасы азаттық жолындағы күрес басшыларының бірі ретінде азаматтық тарихымызда да, сөз өнерінің асқақ өкілі ретінде әдебиет тарихында да өзіне дейінгілерге де, кейінгілерге де ұқсамайтын қасиетімен ерекшеленеді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота