Мəтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Қазақта «Табиғат-ана» деген ұғым бар. Бұл сөз «адам табиғат аясында өмір сүреді» дегенді білдіреді. Табиғат байлығы тұрғындардың жақсы, жайлы өмір сүруіне мүмкіндік береді.
Табиғат бізге мұнай, көмір, газ сияқты пайдалы қазбаларды береді. Оларды отын деп атайды. Бұл отынды жылу электрстанцияларында қуат көзін өндіру үшін пайдаланады. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір мен мұнай жағады. Мұндай отынның табиғатқа зияны өте көп. Пайдалы қазбалар азайып келеді, ауа мен су ластануда.
Қазіргі уақытта қуат көзіне сұраныс үлкен. Себебі əр үйде электр техникасы өте көп қолданылады. Сондықтан тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз ету – əлемдегі басты мəселе. Отыннан басқа да қуат көздерін пайдалану жүзеге асырылады. Олар: су, жел, күн сəулесі, биогаз, найзағай жəне т.б. Бұлар баламалы энергетикаға жатады. «Баламалы энергетика» дегеніміз – қоршаған ортаға зияны өте аз, үнемді пайдалануға тиімді энергетика. Ол жеңіл өндіріледі.
Жел энергетикасы да баламалы энергетикаға жатады. Ол халық шаруашылығында жиі қолданылады. Оны қыс айларында қолданған тиімді. Себебі қыста жел, боран қатты соғады. Ал жаз айларында су көбейеді. Сондықтан су электр станциялары мен жел энергетикасын біріктіріп, экологиялық таза жəне ең арзан қуат көзін алуға болады.
1-тапсырма. Мəтіннен тірек сөздерді анықтаңыз. (5)
Тірек сөздер
Выпишите ключевые слова из этого текста
Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға”, «Шу” батыр, «Атилла”, «Көк бөрi” және «Ергенеқон” дастандары бүгiнгi Қ. ә-нiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түрiк қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн”, «Тоныкөк”, «Бiлге қаған” жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типол., дәстүрлiк үндестiкте дамыды.
Түрiк қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы”. Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Иүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғыл. және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика”, «Поэзия өнерi туралы”, ибн-Синаның «Даныш-намесi” («Бiлiм кiтабы”), әл-Бирунидiң «Хикметтерi” («Даналық сөздерi”), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк” («Түркi сөздерiнiң жинағы”), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi”, Иасауидiң «Диуани хикметi” («Ақыл кiтабы”), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы”, т.б. толық дәлел бола алады.