Мәтінді түсініп тыңдаңдар (40-аудио). Мәтін мазмұны бойынша сұхбаттасыңдар. Кітап, 143-бет. Қазақ ұлттық мәдениетінің көне әрі аса құнды салаларының бірі – қолөнер, оның ішінде ою-өрнек. Ою-өрнектер – әсемдік пен сәнділіктің белгісі. Сонымен бірге халықтың арман-ойының, тілек-мүддесінің нышаны. Ою-өрнектің мазмұнды ерекшеліктері сан алуан. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы сүйек ою өнері, ағаш ою өнерідеген сөздер – сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі – ою-өрнек өнері.⁹
сатушылардың [ 5 буын : са - ашық , ту - ашық , шы - ашық , лар - бітеу , дың - бітеу ] с – дауыссыз , қатаң а – дауысты , ашық , езулік , жуан т - дауыссыз , қатаң у- дауысты , қысаң , еріндік , жуан ш - дауыссыз , қатаң ы – дауысты , қысаң , езулік , жуан л – дауыссыз , үнді а – дауысты , ашық , езулік , жуан р- дауыссыз , үнді д- дауыссыз , ұяң ы – дауысты , қысаң , езулік , жуан ң – дауыссыз , үнді Сөзде 12 әріп , 12 дыбыс бар .
менеджерлерге [ 5 буын : ме - ашық , нед - бітеу , жер - бітеу , лер - бітеу , ге - ашық ) м – дауыссыз , үнді е – дауысты ашық , езулік , жіңішке н- дауыссыз , үнді е – дауысты , ашық , езулік , жіңішке д- дауыссыз , ұяң ж - дауыссыз , ұяң е – дауысты , ашық , езулік , жіңішке р- дауыссыз , үнді л – дауыссыз , үнді е – дауысты , ашық , езулік , жіңішке р- дауыссыз , үнді - дауыссыз , ұяң е – дауысты , ашық , езулік , жіңішке Г Сөзде 13 әріп , 13 дыбыс бар
Адамның асыл мұраты.
«Арманы бар адамның
Бойында қайнар қуаты,
Алдында жанар мұраты», демекші мұрат - бізді алға жетелейтін терең мақсат пен асыл арман. «Бес саусақ бірдей емес» деп ата – әжелеріміз айтатындай, әр адамның мұраты да әр түрлі болады. Біреулер материалдық құндылықтарды бағалап, соған жету үшін бар күш – жігерін жұмсаса, енді басқалары үшін рухани байлық маңызды. Сонымен қатар, менің ойымша, адамның түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты мұраттары да өзгеріп, ауысып отырады. Мысалға, кішкене сәби үшін ең асыл арман – ол көп ойыншық пен ата – анасымен армансыз қыдыру мен ойнау болса, мектеп жасындағы жеткіншек сабағымды жақсы оқып, жақсы баға алып, ата – анамды қуантсам деп мақсат қояды. Ал мектеп бітіруші түлектің асыл мұраты – болашақ мамандығын дұрыс таңдап, ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтіп, ата – анасының үкілі үмітін ақтау. Студенттерді алар болсақ, олар емтихандары мен сынақтарын ойдағыдай тапсырып, кәсіби іс – тәжірибеден сәтті өтіп, кейін осы таңдаған мамандық бойынша жақсы жұмысқа орналасуды басты мұрат санайды. Қолында дипломдары, қалаған жұмыстары бар жастар келесі кезекте отбасын құру туралы ойлап, өмірдің басты мәні осы отбасы мен балада екенін түсініп, отбасын құрады. Мен «асыл мұрат» деген ұғымды осылай түсінемін, сіз менімен келісесіз бе?
Объяснение: