Мәтінді тыңда. не түсіндің? мәтіннің жалғасы қандай болуымүмкін? ою-өрнек бір заттың бетіне ойып өрнек салу, кесіп алу, екі затты үйлестіруарқылы жасалады. оюдың 500-ден аса түрі бар екен. тұскиіз, сырмақ,киім-кешек, жиһаз, ыдыс оюмен өрнектелген. оюдың түрі көп. көбінесе"қошқар мүйіз", "сыңар мүйіз", "арқармүйіз", «көбелек» және т. б. ою түрлеріқолданылған.
З.Фрейд.
«Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла – деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға – жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры.
Бұл қандай мамандық ? Болашақта қандай мамандықты таңдасам? Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, толғанып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұраққа жауап та таптым. Ол тергеуші- тергеуші мамандығы өте керемет мамандық. Мен тергеуші болғаныма өкінбеймин. Ұлы Абай атамыз айтқандай "адам жар таңдаудан және мамандық таңдаудан шатаспау керек" -,дейді. Міне менде өзімнің мамандық тандауымнан шатасқан жоқпын.
Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бес жаман іс пен бес жақсы қасиет атауларын теріп жазу.
Ұлы дана Абай атамыз «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінде «бес нәрсеге асық бол» деп, талапты, еңбекті, терең ойды, қанағат пен рақымды асыл істер қатарына жатқызып, сонымен қатар «бес нәрседен қашық бол» деп, жаман істерге: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ секілді қасиеттерді жатқызған.
Әрине, адам болу үшін айтылған асыл қасиеттердің маңызы зор. Жоғарыда айтылған бес қасиеттің қайсысын алсаң да, барлығы адам бойында керекті қасиеттер деп есептеймін. Себебі адам талпынбаса, талаптанбаса, еңбек те етпейді, демек еріншек болады. Ал терең ойлау қабілеті болса да қажет. «Бар нәрсеге қанағат» деп шүкіршілік айтпасақ, тағы болмайды. Ал адам бойында рақым болмаса, мейірімділік те болмайды, демек, ізгілік пен махаббат та орын алмайды.
Бес жаман істен неғұрлым аулақ болып,бойымызды да, ойымызды да таза ұстаған жөн. Басқа адамдарды өсектеп, ғайбат әңгіме айту еш жақсылыққа жатпайды. Кеудені керіп бос мақтанып, одан қалса, еңбек етпей, еріншек болу, босқа мал шашу – аулақ болатын істер. Себебі, өмірде еңбекпенен мал тауып, нан алып жесең, одан тәтті әрі қымбат ас болмайды деп есептеймін.