Мәтінді тыңда. сұраққа жауап бер. алдымен мәтінде кезде- сетін төмендегідей фразеологизмдердің мағынасын анықтап ал: күрт , көзді ашып-жұмғанша, аспандава ай сияқты, азуын айға білеген, шаш етектен. 1. ғылым мен білімнің не әсер етті? 2. ғаламтор бұрын қандай еді? қазір ше? 3. ғаламторда қандай үлкен желілер бар? 4. әлеуметтік желінің қандай пайдасы бар? 5. ақпарат іздеуге қанша уақыт керек?
Солтүстік және Шығыстағы қалаларды орман-тоғай қоршаған. Ең әдемі жері – Бурабай көлі. Қазақстанның орталығындағы Қарағанды, Жезқазған, Астана қалалары Сарыарқа даласында орналасқан. Батыстағы қалалар Нарынқұмда, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің бойында тұр.
Оңтүстіктегі қалалар Арал теңізі мен Сырдария, Шу, Іле өзендері мен Алакөл, Балқаш көлдері жанында орналасқан. Шығыстағы қалалар Ертіс өзенінің бойында орналасқан.
Қазақстанның батысында Мұғалжар, шығысында Тарбағатай, оңтүстікте Қаратау, Алатау таулары бар.
Қазақстанның қай қаласына барсаң да қонақжайлы, берекелі қазақ халқы сені құшақ жайып қарсы алады.
бәрі табиғаттан жаралған. табиғатты қорғау адамзаттың парызы.
адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік.
Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: Сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір ағаштың өсуі үшін қаншама жыл керек екенін өздерің білесіңдер. Кейбір тентек балалар гүлдерді жұлады, құстардың ұясын бұзады, жазықсыз жәндіктерді өлтіреді. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстай білейік. Табиғатты алайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.