В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
kanony
kanony
27.10.2022 05:49 •  Қазақ тiлi

Мәтінде көтерілген мәселені болжап жазу. Оқжетпес туралы аңыз

Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын нәрсе - табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы «Оқжетпес» тасының жөні бөлек, атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуға барып жүргенімізбен, сол «Оқжетпес» жартасының қалай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз. Ал аңыз былай дейді:

Бурабай дейтін елді мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрең жеткен. Бойы ұзын, өзі батырдың тірі кезінде елде абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Ол әр күн сайын жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған. Жарақат алса, жарасын сол көлдің бойында емдеп, Бурабайдың ауасымен тыныстаған. Дәл сондай күннің бірінде ол жауға қарсы соғысады. Соғыс ұзақ күндерге созылады. Жаудың беті қайтар емес. Тіпті жау санында есеп жоқ. Айларға созылған соғыстың салдарынан Оқжетпес шаршап, түнде тынығып жатқан кезінде жау тыңшылары сырын біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып денелі батыр оған да көнбей орнынан сілкіне тұрып тағы соғысады. Тек ең ақырында әлі кетіп, ақыры демі бітті-ау деген кезде, Оқжетпес қатты даусымен: «Уа, Тәңірім, мені жау қолынан өлтіріп, ұятқа қалдырғанша, тасқа айналдыр» десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй тұнып, Оқжетпес сол жерде жартасқа айналып кеткен. Бұл аңыздың бір түрі ғана. Жалпы Бурабайдағы түрлі ескерткіштерге қатысты көптеген аңыздар бар. Аңыздың өзі ертегі емес, шындыққа жанасатын жанрдың түрі екенін ұмытпаңыз

Показать ответ
Ответ:
BRICKWIH
BRICKWIH
18.02.2023 19:33

Абайдың жастарды оқу-білімге шақыруы қазіргі заманда өзекті ме? Абай Құнанбайұлын зерттеуші ғалымдардың оны "халық ұстазы" деп тануы бекерден-бекер емес,деп ойлаймын.Шынында,ақынның шығармашылық мұралары - халықтың рухани қазынасы,тәлім-тәрбие өзегі.Ақын бар ойын ел болашағы жастарға арнаған еді.Негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - «толық адам» етіп тәрбиелеуді мақсат тұтты.Көпшілігіміз білетін: Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге,-деген жолдарының өзінде-ақ оқу-білімге ынтығу керектігі айтылады.Абайдың шығармаларында жастарды оқу-білімге шақыру қазір де өзекті,тіпті қай уақытта да өзектілігін жоғалтпайды деп білемін.Ия,қазіргі таңда сол кездегідей халық надан емес.Алайда,бір күнін босқа өткізіп жатырған жастар жетерлік.Ондай жандарға ақынның: Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан,-деп үгіт жасағың келеді.Сонымен қатар,өзін түгелімен ғылымға арнап, бірнеше тіл біліп,елімізде ғана емес,шет елде белгілі боп жүрген жас өрендер де жоқ емес.Соларға қарап өзің де бір марқайып қаласың.Білімді жастар саны көбейе берсін дегім келеді. 

0,0(0 оценок)
Ответ:
Vova50915091
Vova50915091
08.04.2023 21:03

Балқаш - Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ол алғашқы дәуірдегі Пятис деген теңіздің қалдығы болып есептелінеді. Көл Сарыарқа мен Сары- Есік құмдарының аралығында орналасқан. Соңғы кезде Балқаш көлінің деңгейі 2 м-ге төмендеп кетті. Қазіргі Балқаштың ұзындығы 614 км, ең терең жері 26,5 м. Балқаш көне түркі тілінде «балшық», «балық» деген мағынаны білдірген. Суының деңгейі бірде көбейіп, бірде азайып отырады. Ұзынарал бұғазы Сары-Есік пен Балқашты байланыстырады. Соның нәтижесінде көлдің батысының суы тұщы, ал шығысында ащы. Себебі көлге негізгі суды Іле өзені құяды. Іле өзенінің Балқашқа құяр жеріндегі тоғайлы батпақты жерлері мемлекеттің қорғауына алынды. Мұнда балықтың сазан, көксерке, ақбалық, ақмарқа, т.б. 12 түрі кездеседі.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота