Мәтіндегі ақпараттың ретін анықтаңыз. • ойын шебері Мақсаты:мәтін бойынша берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңдер. 1. Мәтіннен синонимдерді тауып, сөйлем құраңдар. 2. «Күшті», «жылдам» сөздерінен антонимдік жұп құраңдар. Спорттың түрі көп. Бірі – күшті болуға, екіншісі – жылдамдыққа, үшіншісі табандылыққа баулиды. Ал тағы бір түрі ойлауға үйретеді. Оларға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жатады. Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны. Бұл ойында сүйек тастарды ұяларға тоғыз-тоғыздан түсіп отыру керек. Тоғызқұмалақ –жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін күрделі ойын. Тоғызқұмалақта бір ойынды жарты күн немесе бір күн ойнайды. Ұлы ақын Абай тоғызқұмалақ ойынының шебері болған. Абай тоғызқұмалаққа үлкен мән берген. Ол атақты ойыншыларды шақырып, жиырма-отыз күн бойына сайыс өткізіп отырған. Бұл туралы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы»роман-эпопеясында жақсы жазылған. Қазір Қазақстанда тоғызқұмалақ ойнынан халықаралық жарыстар өткізіліп тұрады. Әбілда Ақшораев тоғызқұмалақтан алты рет республика чемпионы болған. 1. 2. спорт түрі 3. жарыс чемпионы 4. ойын ережесі
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.