Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.
Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру.
1. Баспадан шыққан кітаптар он - жиырмадан буылып, дүкендерге жіберілуде.
2. Мектепаралық спорт жарыстарына отызға жуық оқушы қатысты.
3. Үлкен ағам табысының екіден бір бөлігін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" салып жатыр.
4. Бүгінгі жиналыс бір жарым сағатқа созылды.
5. Оныншы қыркүйек күні домбыра үйірмесінің салтанатты ашылуы өтеді.
6. Балам, туған күніңе қанша досың келетін болды? - Жетеуі келеміз деді.
7. Атамның мерейтойына жан - жақтан елу - алпыс қонақ келеді деп күтілуде.