Мәтіндегі негізгі ақпарат берілген екі нұсқаны белгіле.
Дұрыс жауап саны: 2
Ол екі жасынан бастап анасының көмегімен
тілдерді меңгере бастаған. Күнделікті шет
мемлекеттің мұғалімдерінен сабақ алады.
Кішкентай Бэлла қазылар алқасын бір көргеннен
баурап алды. Оның фантастикалық
мүмкіндіктері ешкімді бейжай қалдырмады.
Төрт жасар мәскеулік Бэлла Девяткина әлемнің
жеті тілінде сөйлейді.
«Таңғажайып адамдар» шоуында Бэллаға шет
тілдерінде сұрақтар, мәтіндер мен тапсырмалар
берілді. Армандаған сыйлығын алу үшін ол
қойылған талаптардың бәрін еш қиындықсыз
орындап шықты.
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін.
Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек.
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Заттай байлықтың құны өршіп тұрған бұл кезеңде руханият аяқ асты қалмауға тиіс. Адам тек тәнімен ғана адам болып тұрмағанын жақсы сезінуіміз – бүгінгі күннің өткір мәселесі. Біз рухымыз биік болғанда ғана Адам деген асыл есімге кір жуытпай қала аламыз. Діні мен Ділі берік ел – алынбас қамал. Ал оның болашағы жастардың қолында. Сондықтан басқа елдердің өркениеттік жетістігі деп бағаланған арзанқол мәдениет үлгісі ата салт-дәстүріміздің тұнығын лайлатпасын десек, жастарымызға, әсіресе қыздарымызға дұрыс тәрбие беру – бәріміздің ортақ парызымыз. Өйткені кім-кімде болашақ әке, аға, әпке немесе ана.
Қай ұлттың әйел затына бөлетін орнын қазақ қоғамында бөлінген орнымен салыстыруға келмейді. Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған қазақ оның болашақтағы Ел анасы боларына кәміл сенген. Қазақ қыздары даланың ерке елігіндей бұлаңдап өскен