В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
KotyaFila
KotyaFila
29.02.2020 12:02 •  Қазақ тiлi

Мәтіндегі негізгі ақпаратты тап. «Астана-Бәйтерек» монументі
«Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек – ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, «бәй» – үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде – дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек «Бәйтерек» екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда.
Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, шыныдан, металдан, бетоннан тұрғызылған. Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген. Күннің шапағына шағылысып, әртүрлі түске құбылып тұрады.
Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 тоннадан асады. 97 метрді құрайтын көрініс кешені заманауи қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысқан мезгілін білдіреді.
Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 түрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобус орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе, орындалады деп айтылады. Соның ішінде «Бата» композициясы да бар. Бұл - 2003 жылы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада жиналған он жеті әлемдік діни конфессиялардың жетекшілері Қазақстан халқына және жеріне берген ақ батасы. Келушілер панорамалық лифтімен әйнек «шарда» (жұмыртқада) орналасқан кең залдарға көтеріліп, «құс ұшатын» биіктіктен егеменді Қазақстанның жаңа астанасында болған және болып жатқан өзгерістерді көре алады.
«Бәйтерек» кешенін жобалаушы сәулетшілер тобын басқарушы – А.Рүстембеков. Сондай-ақ С.Базарбаев, Ж.Айтбалаев сынды сәулетшілердің еңбегін ерекше атап өтуге болады. Инженер-конструкторы – М.Вахштейн, интерьер дизайншысы – А.Оспанов. Сондай-ақ оның жобасын жасауға «Аэропорт» ААҚ, «ЭМК» ЖШС, «Архфонд» ЖАҚ, Сәулетшілер одағы және «Алуа» ЖШС секілді қазақстандық жетекші фирмалардың мамандары қатысты. Оның негізгі идеясы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.
Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды
Панорамалық зал ортасында 17 түрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан
«Астана-Бәйтерек» Нұр-Сұлтан қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы

Показать ответ
Ответ:
Artem0405
Artem0405
26.11.2020 10:50

ответ: Бәйтерек ол ағаш, ол жеті атаға ұқсайды.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота