В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
evdokiya888p06xhz
evdokiya888p06xhz
23.12.2021 17:00 •  Қазақ тiлi

Мәтіндегі сөйлемдерге бірнеше нұсқада сұрақ қой. Осы сұрақтарды пайдаланып, көршіңмен сұхбат құр.(текст к этому заданию на 1 и 2 фото)((составьте по этому тексту вопросы и напишите на них ответы))


Мәтіндегі сөйлемдерге бірнеше нұсқада сұрақ қой. Осы сұрақтарды пайдаланып, көршіңмен сұхбат құр.(те
Мәтіндегі сөйлемдерге бірнеше нұсқада сұрақ қой. Осы сұрақтарды пайдаланып, көршіңмен сұхбат құр.(те

Показать ответ
Ответ:
Mary3456
Mary3456
08.11.2020 12:57

Тауыс (Павлин)

Павлиндер, тауыстар (лат. Pavo) – тауықтәрізділер отрядының қырғауылдар тұқымдасына жататын құс. 2 түрі бар: кәдімгі павлин (Р. crіstatus) және көкқанатты павлин (Р. mutіcus). Бұлар Үндістан түбегі мен Шри-Ланка, Суматра аралдарында қалың бұталар арасын мекендейді. Павлиннің дене тұрқы 110 – 125 см, салмағы 5 кг-дай болады. Әдемі құйрық үсті қауырсынының (жергілікті халық оны құйрық деп атайды) ұзындығы 120 – 130 см. Мекиендері реңсіз, сұр түсті. Көбіне жерде жүреді, жақсы жүгіреді, қауіп төнгенде ағаш басына шығып кетеді. Жәндіктер мен олардың дернәсілдерімен, құрттармен, моллюскалармен қоректенеді. 3 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Полигамды. Күйге келген қоразы неше түрге боялған “көздері” бар әдемі құйрық үсті қауырсындарын желпуіш тәрізді жазып жіберіп, тік ұстай алады. Ұясын жерді шұңқырлап, оған құрғақ шөп пен жапырақ төсеп жасайды. Ондағы 4 – 7 қызғылт дақтары бар сұр түсті жұмыртқасын мекиені 30 – 35 күндей шайқайды. Балапандары тез жетіледі, бір айдан соң өз бетінше ұша алады. Көбеюден басқа уақытта топтанып тіршілік етеді. П-дер Қазақстанда тек хайуанаттар паркінде және жеке адамдардың қолында ұсталады. Павлиндердің саны жылдан жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]

0,0(0 оценок)
Ответ:
MrTroLoLo10
MrTroLoLo10
12.12.2022 22:51

«Батыр Баян» поэмасы - Мағжанның ақындық алып құшағын, қуатты суреткерлік талантын  мейлінше  танытқан поэма. Ұлттық эпостық және лирикалық дәстүрді жаңа көркемдік жан- жақты байытқан бұл поэма ақының поэтикалық мәдениетінің барынша толысып биік дәрежеге көтерілгендігін ерекше  танытты. Бұл поэманың жаңалығы Баянның  бейнесін  сомдады. Оның  портреті даму  үстінде  біртіндеп  айқындалды.  Поэмада  көтерілген тақырып - ұлттық  тақырып. Қазақ елінің ғасыр бойы көксеген арманы. Елім деп  еңіреген  перзентінің  кеудесін  жарып  шыққан  ыстық  сезімі. Мағжан поэмасының табиғилығы соншалық- оқиға әбден шиеленіскенде Баян оңашаланып, өзімен-өзі  болып, істеген әрекетінің дұрыс бұрыстығын таразылайды. Жүрек сырын жайып салады. Бір ойы екінші  оймен  таласып, істеген ісінің ұшығына  жете  алмай, күманы молайып, арпалысатын кейіпкер, осы –Баян.

1. Шығарманың басталуы.

« Батыр  Баян» поэмасы Мағжан ақынның көңіл-күй сезімін толғаудан басталады.

Жүрегім,  мен зарлымын жаралыға,

Сұм  өмір абақты  ғой  саналыға.

Қызыл  тіл, қолым  емес  кісендеулі,

Сондықтан  жаным  күйіп  жанады  да,- деп  ашынған  ақынның  ішкі  монологынан  басталатын  поэма  бірден  кесек-кесек  ой  ағытады. «Сұм өмір абақты ғой саналыға» деп  қызыл  империяға  ашықтан-ашық  айып  тағады. «Қызыл  тілім  кісендеулі»  деп  тіл  бостандығының  жоқ  екеніне  тоқталып « қызыл сұм»  деген көріктеуші және «кісендеулі» деп кейіптеу  арқылы  ақын  поэманың  тілдік  қуатын  арттырады. «Сұм  өмір күшті  уын аяды ма?»- деп  өзінің ауыр  тағдырын  қоса  жырлайды. Уақыт  өтер  ақынның  жолы « қанды  ор  боп  қалады»  деп  ақын  күңіренеді,  толғайды  көзіне  жас  алады.  Азаматтан  дос  таба  алмасаң,  қаламыңмен сырлас- дейді.  Ендеше,  ақында  қаламымен  сырласады.

- Көкшенің  ғажайып  дидарына  көз  тоқтатып, қызықтайды. Көкшенің  жүрегі , жаным жаралы, деген метафоралық  тіркестер  арқылы  шығарманың  қуатын  арттыра  түседі.

- Поэманың  көкжиегі  біртіндеп  кеңейіп,  тарихқа  ауысады. Көкше бір сәт қазақтың ығайы мен сығайы  бас  қосқан  өлкеге  айналып жайнап  сала береді.

3.Шығарманың  шиеленісуі.  Ноян  бейнесі.

Қалмақ  аруы- Толқыншаштың  портретіне  көз  жіберу.

Сол сұлу, сұлу  екен  атқан  тандай,

Бір  соған  бар  сұлулық  жиылғандай,

Лебізі- жібек  лебі, жұмбақ  желі,

Кәусардай адам  қалар  қанбай,

Шын  ер  ғой  Батыр  Баян  алып  қайтқан

Еліне  сол  сұлуды  естен  танбай,- деп  ақын  психологиялық портрет - сұлудың   көркін, көзқарасын,   сөйлеу  мәнерін  суреттеу  арқылы  оның  әйелдік  нәзік  қасиетін  жеткізе  білген. Автор  Толқыншаш  бейнесін  ары  қарай  әр  қырынан  аша  түскен. Сұм  қыздың сақтығын  Ноянмен  терең  сайда  кездескен  сәтте  ерекше  суреттейді.

Ақын   бұл жерде  қалмақ қызының  сұмдығы  мен  жас Ноянның ақылсыздығын суреттей отырып, махаббат  үшін  елінен  безген, Отанын  сатқан, сатқындық пен  жексұрындықты  Ноян  бойына  жинақтайды.

Екі  жас  аттарынан  ұшып  түсті, Бір-бірін құшып түсті,-  дей  отырып батырдың  ішкі  ойын  тереңдете  түседі. Қара  жер  де  екі  жастың  қанын  ішті,- деп  батырдың  жан  күйін   шебер  суреттейді. Батырдың  іс-әрекетін «Жаралы  жолбарыстай, арыстандай, желдей  ұшып,  сұңқардай  сорғалап» деген  теңеулер арқылы  айшықтайды.

4.Шығарманың  шарықтау  шегі.

Баян ішкі монологы арқылы өзінің іс-әрекетін саралайды.  Ойы  екіге  бөлінеді. Бірі айыптайды. Екіншісі-ақтайды.Сол садақты тартқанда қолым неге сынып қалмады?-деп өзін-өзі айыптаса, -Жоқ,  жоқ,  әлде  өлтірдім  бе?

 Інімді  алты алаштың  намысы  үшін ,- деп,  өз  кінәсынан  арыла  бастайды.

Алашта  өткен  екі  арыстан Ер  Көкше  мен Ер  Қосайдың  ұрпағымыз. Солардан  тараған  Сары  мен  Баян  барыстай  ойын  салған  сары  далада,- дей  отырып,  Ер  Баянның  інісі  Ноян  атадан  азып  туып,  бір  қыз  үшін  қалмаққа  құл  болды. Алашқа  бұдан  артық  шер  барма?- дейді.

 Ақын  Баянды  уақ  руының  ғана  батыры  емес  отаншылдық  биікте  самғаған  қыран  дей  отырып,  батырдың  ерлігін  ғана  емес,  жан  тазалығы  мен  ізгілігінде  көрсетеді. Себебі, Ноян - тұтқын  қызға  ғашық. Сезімнің  құлы.  Ал, Толқыншаш  туған  еліне  қайтуға  асық,  сананың  құлы. Қалмақ  қызы  отанына  оралу  үшін өзін  құрбандыққа  шалуға, жанын  беруге  белін  бекем  буды. Баян  да  қызға  ғашық, ал  туған  жеріне тіптен  ғашық. Оны  қызғаныштан  өлттірген  жоқ.

5.Шығарманың  шешімі.

Поэманың  екінші  тарауында  Баянның  ерлік  қылықтары,  іс-әрекеті  баяндалады.  Баян  бұл  жерде  өзінің  кінәсінан  арылу  үшін  Ноян  мен  қалмақ  қызын  есіне  алып  отырып, ауыр  дерттен  арылмақ  болып,  жауға  қарсы  щаппақ  болып Абылайға  келеді.Ордаға  жақындағанда  топ «Баяндап»  қарсы  алды. Бұлда  батырға  көрсетілген  ерекше  құрмет.

Сонымен  Абылайда  екі сөз. Топ  келісіп  тарайды. Жұмсақ  жаздың  түбінде  ер  тұрманын  даярлап, ер  демалады.

Баян-  дара  туған тұлға. Ол  ерік  өзіңде, біз  неге  болса  да  дайынбыз  дейтіндерге  жатпайды. Абылайдың  шешіміне  қарсы  шығады. Ханға  қарсы  шығады, Абылайға  бағынбау  ниетінен туған  жоқ,  ханды  қателіктен  сақтандырады. Абылай-  ақын  идеал  көретін  мемлекет  қайраткері,  ел  көсемі. Батыр  да  ел  көсеміне  қарсы  шықпайды. Пікір  айтады.Келер  күнді  күтті. Жаудан  хабар  болмады. Шынымен  алданып  қалдық  па?-деп кең  ойлы  Абылай  ойланды.

 

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота