В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
RedHamster
RedHamster
17.03.2020 02:45 •  Қазақ тiлi

Мәтіндегі қысқа сөйлемдерден омоним болатын сөзді тап. Іші-бауырымыз құрысып-тырысып, көзіміз қарауытқанда, ойбай, дәруменіміз азайып кетті деп шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин жеу керек деп ақыл айтатындар да табылады. Осы біздің атам қазақ апельсин көрмей өсті ғой, олар неге құлап, талып қалмаған деп таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен-жегені нағыз дәрумендердің көзі екен. Көгорай шалғынды жалпағынан басып жайылған сиырдың сүті, айран, құрт, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы дәруменнің, күш-қуаттың көзі екен.

Показать ответ
Ответ:
Мур214
Мур214
31.08.2021 01:54
Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ән күйлерді тыңдай отырып, билерін, ою өрнектерін, зергерлік әшекейлерін көре аламыз.
Біздің қазақтың салт-дәстүрі өте көп, олар: беташар, шілдехана, бесік той, наурыз және тағы басқалары жатады. Беташарда жаңа түскен келіннің бетін ашып, көпшілікке таныстырады. Бұл дәстүр ежелден келе жатқан дәстүр. Наурызда халық наурыз көже жасайды, ұлттық ойындар ойнайды және алтыбақан тебеді. Басқа елдерде де, өз ұлттық дәстүрлері бар.
Салт дәстүрде әркім өзінің өнерін көрсетіп, әділ қазылар оларға баға қояды. Қазақтар өзінің дәстүрін ұмытпау керек.
Бүгінгі күні Тәуелсіздігімізді алып, Тәуелсіз мемлекет атанып, өзге елдермен тереземіз тең болып отырған шақта біздер, бүгінгі жас ұрпақ ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді заман талабына сай қолданып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етеміз деп сөз береміз.
0,0(0 оценок)
Ответ:
maksdlernerwanemaks
maksdlernerwanemaks
06.10.2022 11:23

Төрт түлік малдың пайдасы туралы диалог құрастыру.

Немересі: Ата, маған тағы да сіздің көмегіңіз қажет болып тұр...

Атасы: Не болды, құлыным, айта ғой?

Немересі: Төрт түлік малдың пайдасы туралы хабарлама жазуым керек болып тұр.

Атасы: Ендеше жаза ғой. Халқымыз ежелден бері түйе, жылқы, қой және сиыр малдарын қастерлеп, төрт түлік деп атаған. Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды сәйкесінше Ойсылқара, Қамбар ата, Шопан ата, Зеңгі баба деп атаған.

Немересі: Ата, сонда төрт түліктің ішінде қайсысы ең пайдалы?

Атасы: Балам, қазақ халқы төрт түлік малдың бәрін де қастерлеген, дегенмен әрқайсысының өзіндік ерекше қасиеттері бар.

Мысалға, түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде, азық ретінде де аса қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы.

Түйенің түбіті мен шудасы қымбат саналады: түбіттен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады; шудадан жіп, арқан еседі. Түйенің сүті де асыл. Одан ашытатын қышқылтым сусынды Батыс Қазақстанда «шұбат», Түркістан жағында «қымыран» деп атайды. Ғылымның дәлелдеуінше, шұбаттың дәрілік қасиеті қымыздан да артық саналады. Түйенің етінің дәмі де ерекше. Сонымен, түйе малының пайдасы осы.

Немересі: Мен сіз айтқан көп ақпаратты бұрын білмеппін. Ал жылқы малы несімен пайдалы?

Атасы: Көшпенді қазақ халқының төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны жылқы. “Ат ердің қанаты”, “Мінсең - көлік, жесең - ет” деп жылқы малын аса жоғары бағалаған.

Немересі: Ал қой ше, ата, несімен пайдалы?

Атасы: Қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі. Ол - әрі киім, әрі тамақ. Киім дегенде, оның жүнінен гөрі ертедегі көшпелі халыққа терісі қымбат болған. Өйткені қыс, күз айларында жылы киім керек. Оған илеген қой терісінен тігілген ішік, тон, тұлыптан жылы киім табылмайды. Ал жүнінен неше түрлі асыл жүн маталар тоқылады.Ол үшін биязы жүнді қойлар өсіріледі.Қазақ қойының жүні киіз басуға, кілем тоқуға, байпақ, пима дайындауға жұмсалады.Негізінен қойдың азықтық және киімдік пайдасы жылқы мен түйе түліктерінен артық.

Сиыр малының да пайдасы зор. Еті мен сүтінен бөлек, сиырдың мүйізінен тарақ та жасап, оны аса жоғары бағалаған.

Немересі: Ата, үлкен рахмет сізге! Енді біліп жүретін боламын, әрі сіздің арқаңызда "бес" алатын болдым!

Атасы: Оқасы жоқ, құлыным!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота