Мәтіндерді мұқият оқып, төмендегі кестені толтырыңыз.
1-мәтін
ЕХРО халықаралық көрмесі өтіп жатқан Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшылар ағылуда. Барлығы елорданың көркіне таңданысын білдіріп жатыр. Астананы Сингапур, Дубай секілді әлемнің алып шаһарларына ұқсатса, ЕХРО-2017 көрмесін жаңа технологиялар әлеміне сапар деп атады.
Аэрон Хон Кай Джет турист/Малайзия/:
- Мен ЕХРО көрмесін бұрын көрмегенмін. Сондықтан болар Астанадағы шарадан ерекше әсер алдым. Баламалы энергия көздеріне қатысты тың ақпарат көп екен.
Родвиго Хавьр турист/Эквадор/:
- Уау... Міне, керемет! Қандай биіііік?! Мұндай ғимарат шынымен таңдай қақтырады. Маған ұнады.
Михаил Кошкарян, турист / Армения/:
- Көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны көрініп тұр. Қатты ұнады. Алған әсерім керемет.
Еліміздің әр түкпірінен келген қонақтар, павильондардың ашылу салтанатына куә болды. (102 сөз) https://kazakh-tv.kz/
2-мәтін
Мен саяхаттағанды ұнатамын. Қазақстанда көркі көз тартар көрікті жерлер көп. Сондықтан әлемнің басқа түкпірлеріне жол тартпас бұрын, туған даламның сұлулығын тамашалағанды жөн көремін.
Өзім Алматыда туып-өскендіктен, табиғаттың сұлулығын көріп өстім. Сұлу қалам Алматының көрікті жерлері өте көп. Биші қайыңдар, Шымбұлақ, Медеу мұзайдыны менің жиі баратын жерлерім. Жыл сайын жазғы демалыста басқа қалаларға барып тұруды ұнатамын. Көкшетау, Семей, Жезқазған, Астанада қонақ болып қайттым. Әр өңірдің өзіне тән ерекшелігі бар. Маған Көкшенің сұлу табиғаты айрықша әсер қалдырды. Оқжетпес, Жұмбақтас, Абылайхан тағына бардым. Шортанды көлін көріп қайттым.
Маған өз елімнің әр қаласы ұнайды. Қазақстан бойынша түгелдей саяхаттап, онан соң басқа да мемлекеттерді көргім келеді. Бірақ Отаныма еш мемлекеттің жетпейтіні анық.
Қандай кесте
Объяснение: