В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
эрика86
эрика86
06.11.2021 05:45 •  Қазақ тiлi

Мәтіндерді оқы. Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын, стилін тап. Кестеге жазамыз

А мәтіні

Еуразия құрлығының дәл жүрегіндегі шетсіз-шексіз далада, биік таулар мен

мыңжылдық көлдер аралығында көшпенділер ортасында өзіндік ерекшелігі бар, табиғатты

қадір тұтатын айрықша мәдениет өмірге келді. Ол моңғол және түрік халықтары

мәдениетінің қосындысынан пайда болып, кейінірек ислам және парсылық дүниетаным

әсерімен байи түсті. Ол кезде әлі Қазақстан мемлекеті болмаған еді. Алайда сол заманның

өзінде көп ғасырлық ортақ мәдениет қалыптаса бастады. Еркін деген ұғымды білдіретін

«қазақ» атауының өзі кейінірек пайда болды (XIV-XV ғасырларда).

Білім жөнінен артық, басқа өздері сияқтылар арасында осынау мәдениеттің алатын

орнын анықтауға деген айрықша құштарлықтан, қандай да болсын біртұтас, ділі де, тілі де

бір (түркі тілдес), мекендеген жерлері ұқсас дала тайпаларының бірлестігін құру

қажеттілігі пайда болды. Осылайша, мемлекеттің пайда болуына алдына ала жол ашқан,

көшпенділердің кеңістік пен уақыт жөніндегі үнемі қозғалыс жағдайындағы күрделі

таным білімі және рухани ұғымдарына негізделген еркін мәдениет туды. Кейінірек осынау

жоғары дамыған, көпқұрылымды мәдениет жаңа білімдермен және отырықшы өмірге тән

қағидалармен байи түсті. Оның құрамында тек далалық, көшпенді этностардың өкілдері

ғана пайда болған жоқ. Қазіргі кезде мәдениет: түпнұсқалық қазақ мәдениеті (дәстүрлер,

салт-жоралғылар, тіл, және т.б. сақталған) және бүгін біздің елде тұрып жатқан көптеген

(130-дан астам) этностың ерекшеліктерін сіңірген қазақстандық мәдениет боп дамуда.

Бүгінгі Қазақстан мәдениеті – қазақстандық халықтың тұрмыс-салттары мен әр алуан

рухани және материалдық формада айқын байқалатын эстетикалық құндылықтарының

кешені. Мәдениет табиғи күшіне сәйкес өзінің шығармашылық қуатын дамытып және

байытып, әлемдік ұлттық мәдениеттер отбасында алатын дара орынмен қамтамасыз

етеді.

Ә мәтіні

2016 жылдың 20 наурызында «Көшпенділер мен байланыстар» атты

халықаралық көрме байқауы өткізіледі.

Байқаудың басты мақсаты - адами әлемді ұйымдастыру жолы ретінде дәстүрлі мәдениетті көрсету. Көшпенділер мәдениетін әлемдік деңгейде кеңінен насихаттау.

Байқаудың басты номинациялары:

«Ең үздік сәндік-қолданбалы өнер туындылары»

«Ең үздік қолөнер туындысы»

Ұйымдастырушы: «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігі

Өтетін орны: Астана қаласы, ҚР Ұлттық музейі

Басталуы: сағат 10:00-де

Келемін деушілерге есік ашық!


Мәтіндерді оқы. Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын, стилін тап. Кестеге жазамыз А

Показать ответ
Ответ:
человек416
человек416
01.01.2020 12:55

Әлемнің жеті кереметі - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.

Әлемнің жеті кереметі

Олар:

Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.

Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.

Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.

Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.

Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.

Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Родос алабы, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.

Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Cekretcv
Cekretcv
16.05.2023 16:26

Қыпшақ Сейітқұл Маманұлы (18 ғасырдың 70-жылдары, Сыр бойы — 19 ғасырдың 30-жылдары, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қарабидайық мекені) — есімі аңызға айналған егінші. Орта жүздегі бес таңбалы қыпшақтың торы бірлестігінен тарайтын жеті арыс қитаба руынан шыққан. Сыр бойындағы иеліктері егін шаруашылығына тарлық ете бастаған соң Торғай өңіріне келіп, Қабырға өзені бойындағы Қарақоға деген жерге тұрақтаған. Өзен жағалауына шығыр орнатып, аяқ егін, атпа егін әдістерін пайдаланып, өзеннен арықтар тартып, бөгендер салып, суармалы егіншілікті қолға алған. Диқанның бұл еңбегі жемісті болып, 5 — 6 жылдың ішінде алғаш келіп қоныстанған 12 үй 400-ге жеткен. Қыпшақ Сейітқұлдың аса шығымды ақ тарысының тұқымы кейін бүкіл Торғай, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Қарқаралы өңірлеріне тарады. Диқанның барымташылардан сақтану үшін тұрғызған дуалы мен су тартқан арықтарының қалдықтары Көкалаат, Қызылоба, Қарақоға деген алқаптарда әлі күнге дейін сақталған. Қыпшақ Сейітқұл асқан шебер, сөзге шешен адам болған. Мұраптың егіншілік дәстүрін халық арасына кең таратып, насихаттау үшін ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин “Қыпшақ Сейітқұл” деген әңгіме жазып, оқулығына енгізген.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота