Мәтінге қажеттi тыныс белгіні қойыңыз. Табиғат пен қоғамның өзара әсері
Адамзат өз өміріне қажетті материалдық байлықты табиғаттан алады. Қоғамның дамуы ондағы табиғат ресурстарының қорына байланысты сондықтан адамзат болашақта күйзеліске ұшырамас үшін табиғатпен толық үйлесімде болып оның байлыгын унемдеп және қалдықсыз пайдалануы тиіс.адамның өндірістік іс әрекеті мен қоғамдық формация өндірісі неғұрлым жылдам дамыған сайын оның табиғатқа кері әсері де соғұрлым өсіп отырады. Өндірістің дамуы қоршаған орта мен табиғатқа тұтастай әсерін тигізуде.
Ерте, ерте, ертеде қазіргі Бурабай көлінің жағасын ақбас бура мекендеген деседі. Ойсыл қараның ұрпағы киелі жануар жаугершілік заманда көл маңына тұрақтаған ежелгі қазақ жұртының қорғаушысы һәм хабаршысы болыпты. Қилы кезеңде дұшпанның таянғанын алыстан сезетін ақбас бура буырқанған бақсыдай аузынан ақ көбік шашып, еңіреп-боздап, тау-тасты кезіп, халыққа жаудың жақындағандығы туралы белгі береді екен. Содан елдің етек-жеңін жинаған ерлері бес қаруын қамданып, жауға қарсы аттанса, қариялары мен бала-шағасы осы өңірдің тау-тасына тығылып-паналап, аман қалып отырған.
Ақбас бура бейбіт күнде жайбарақат күйге түсіп, мамыражай жайылып жүре берген. Әккі жаудың айласы таусылған мергендері аңдып жүріп, ақыры, ақбас бураны атып өлтіреді. Қасиетті Ойсыл қара тізерлеп шөккен бойы құлаған жерінде қара тасқа айналып қатып қалған деседі.
Табиғаттың осы бір таңғажайып сұлу бұрышын аталарымыз ежелден-ақ Бурабай деп атапты. Бура түйенің атауы. Халық Көкшетау өңірінде өмір сүрген түйелер туралы жоғарыдағы аңызды сақтап қалған. Осы аңызға сәйкес Көкшетау тауларының бірінде екі өркешті түйенің бейнесі сақталған. Жергілікті жердің биік шыңы – Көкшетау. Панорамалық көріністің бірі – оңтүстікке қарай орналасқан Бурабай тауы (690 м). Одан оңтүстікке қарай Шучье қыраты орналасқан, оның ең биік нүктесі «Жеке батыр» (826 м) деп аталады.
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)