Мәтінге мазмұнына сәйкес келетін тақырыпты тап. Қазақстандағы архитектуралық жауһарлар Алып мемлекетіміздегі ғасырлар бойы тұрған алпауыт ғимараттар мен ескерткіштері – талай тарихтың куәсі. Әр құрылыс нысаны – уақыттың жемісі, сол кезеңдегі әлеуметтік, саяси, мәдени және техникалық мүмкіндіктердің айқын көрінісі. Олардың қойнауында 1000-даған жылдың сыры жатыр-мыс. Осы орайда, жаңа маусымнан бастап «Kazakh TV» арнасы архитектуралық байлықтарымыз туралы «Сәулет өнері» бағдарламасын ұсынды. «Kazakh TV» арнасының Бас продюсері Айкүміс Сексенбаеваның айтуынша, ғимараттардың құпия-сырларына үңілу арқылы бізге жұмбақ болып келген таңғажайып дүниелердің шешімін табуға болады. «Сәулет өнері» жобасының шығармашылық ұжымы отандастарымызды еліміздің сұлу да ғажайып нысандарымен таныстырады. Байтақ еліміз уақыт сынына сыр бермей, сан ғасырды артта қалдырған асыл қазыналарға толы. Мысалы, Ахмет Яссауи кесенесі, Жаркент мешіті, Алматы қаласындағы көптеген ескі кешендер әлі күнге дейін сынын жоймай келеді. Дарқан даламыздың көп жылдық тарихы мен мәдениеті, сәулеткерлік өнерінің бағыт-бағдарын бойына жинақтаған мұндай жәдігерлерді жан-жақты зерттеу маңызды-ақ, сондықтан бағдарламаның көрерменге берері де мол», – дейді. Расында да, бұл ғимараттарда мемлекетіміздің басынан өткен ең ауыр кезеңдер мен қуанышты сәттердің ізі қалды, дәл осы кешендердің ішінде еліміз үшін көкейтесті мәселелер шешілді, вокзалдар талай тұлғаларды күтіп алып, талайын шығарып салған-ды, ал қазіргі аспанмен таласқан биік-биік жобалар заманауи Қазақстанның бет-бейнесін жасауда. Француз архитекторы Поль Гурдэні Алматы қаласының тарихи орталығымен не байланыстырады? Неліктен Жаркенттегі мешіт қытай сәулетшісі Хон Пикенің біздің күнімізге дейін сақталған жалғыз туындысы? Уәлихановтардың «Сырымбет» үй-жайы қайда орналасқан? Ұмыт болған есімдер мен белгісіз деректер, қазіргі тарих пен ұлттың бейнесі – осының бәрі бағдарламаға арқау болады. Тағы, «Сәулет өнері» жобасы Еуропаның архитектуралық стилі мен Азияның эклектикасының тоғысуы туралы, сондай-ақ, қираған үйінділерден алып қалалар мен шаһарлардың қайта салынуы жөнінде әңгімелейді. Қазіргі таңда шығармашылық ұжым Түркістан, Орал, Алматы және Жаркент қалаларында болып, ондағы ең маңызды ескерткіштер жөнінде сөз етті. Хабардың әр бөліміне елімізбен қатар шетелдің беделді-беделді архитекторлары қатысады.
Адам еңбегімен ардақты - ол адамдар жұмысты қожайынның ойынан шығатындай қылып істейді. Оларды барлығы жақсы көреді. Кейбір адамдар бар -жұмысты қалай болса солай жасай салады. Олардың әрекеті дұрыс емес. Ол жұмыс адал жұмыс емес арам жұмыс болып саналады. Ол адам сол көп қаражат алып отырдады.
Адам мінезімен қадірлі - ол адамдар өте сабырлы болып келеді. Кез келген істі ойланып, байыппен істейді. Ондай адамдарды адамдар құрметтейді және де сыйлайды. Ал кейбір сабырсыз адамдар - олар жұмысты ашуланып. Сол ашуын жұмыстан алады немесе т.б. - дан. Ол дұрыс емес.
Ақан сері — өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Әділіне көшсек, “Ақан сері” атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі — әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Жасынан халықтың ән-күйінен сусындап, өзіне дейінгі әншілік дәстүрді толық меңгерген Ақан сері бертін келе, жігіт шағында серілік құрып, өзі де ән шығарады. Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырт сезімді, әсерлі музыка үніне бөлейді. Осы әншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, әнші серілердің бәрімен достасады. Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік өнеріне игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік талғамын шыңдай түскен. Ол қазақтың ұлттық өнерін профессионалдық биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Сан қырлы дарындылық, поэзия мен музыканың тел қозыдай табысуы, өзіне ғана тән нақыш, жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлік — Ақан сері шығармашылығына тән басты-басты қасиеттер. Қазақ мәдениетінің алтын қорына Ақан серінің елуге жуық муз.-поэтик. мұрасы енген. Ақан сері шығармалары поэтик. тұнықтығымен, образдар әлемінің тереңдігімен, поэтик. және муз. тілінің шырайлылығымен, айрықша талғампаздығымен, нақыштық тазалығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық болмысының басты қасиеттері — өмір шындығын боямасыз жырлауы, психологиялық иірімдерге толы, эмоциялық бояуының қанықтығы.
Объяснение: