Мәтінге синтаксистік талдау жасаңыз. Қызғалдақтың жапырақтары сарғайғаннан
кейін, оның сабақтарын жыл сайын жаз айларында (мамыр- маусым) қазып алу керек. Қазып алынған пиязшықтарын қораптарға салып, жертөледе немесе құрғақ, күн түспейтін, бірақ ауа алмасып тұратын бөлмеде, 15-17 градустық жылы жерде сақтау керек. Тіпті, жыл сайын қаза бермей жылда қазып алып, сабағын бөлсе де болады. Ол үшін жапырағын қалдырып, жаз айларында азырақ суару керек.
Қызғалдақты көшені, ауланы әдемілеу
үшін көп пайдаланады. Сондай-ақ, теплицада гүлдетіп, наурыз мейрамында сатады. Әрине, бойына, түсіне байланысты қызғалдақты егу әдісі де әртүрлі. Мүмкіндігінше түр түсіне қарай қызғалдақтарды топтап еккен әдемі көрінеді. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде- кем. Осы себепті де Қазақстан - қызғалдақтың отаны болып саналады.
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері сыршыл да өршіл болып келеді. Бұндай ауыр жүкті беліне алатындай бұл өлеңде қандай құдірет бар? «Қайырлы түн», «Мен таулықпын» өлеңдері бұл қатарға кіре ме? Бұл талқылауды қажет ететін мәселе.
Өлеңнен бар ғаламға, жер анаға, ақ аспанға, қойлы ауылға, ғалымдарға, бар тіршілікке тыныштық тілеп, түннің қайырлы болуын қалаған тіршілікке іңкәр ақынның өлеңі естіледі. Алғашқы шумақтарында ақын табиғатқа жан бітіре суреттеп онымен ашық сырласып, нәзік лирикаға жол берсе, өлеңнің орта тұсында ақынның позициясы көрініп азаматтық пафос жоғарылай түседі. Осылайша өлеңнің басты идеясы айқындалады. Ол – бейбітшілік, тыныштық идеясы. «Қайырлы түн» өлеңі осылай суреттелген. Автор «Мен таулықпын» өлеңінде тау деген алып жүрек екенін, киіктің сүтін ішіп ержеткенін, таудан жаратылғанын, табиғаттан нәр алғанын, өзінің тау ұлы екенің нақты ұйқаспен өрнектеп жазған. Ең соңында «қыранның қанатынан ұстап алып ұшып кетсем ғой» деген ой тастап кетеді.
Өсуіне қарай:
Құлын - биенің жас төлі.
Жабағы - 6 айдан асқан құлын
Тай - жылқының бір жастағысы.
Құнан - жылқының екі жастағысы.
Дөнен - жылқының 3 жастағысы.
Сәурік-(3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны)
Бесті - жылқының бес жастағысы.
Саяқтар (бойдақ жылқылар):
Ат - піштірілген еркек жылқы.
Сақа ат - он бір -он екіге келген ат.
Арда емген - құнанына дейін енесін емген, ақ жілік болғаны.
Төл тай - өз енесі мен ежені бірдей еметін бір жасар жылқы.
Қысыр емген - құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі.
Шобыр - мініске, күш-көлікке өте мықты шабан ат.
Сетер ат - құлынынан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген ат.
Пішпе - піштірілген жылқы.