Мәтінге тақырып қойыңыз.Озаглавьте текст. Мәтін не туралы екенін бір сөйлеммен жазыңыз. Напишите, о чем текст в одном предложении. Жоспар құрыңыз. Составьте план. Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі дүниесінен хабар береді. Өзін ортасына сай, мәдениетті, сыпайы ұстаған, айналасына сыйласымды қарым-қатынаста болған адамның ішкі дүниесі де әдемі болады. ІШКІ мәдениет адамның қоғамда өзін ұстауы мен киім киісі арқылы да көрінеді.Адам өзінің сыртқы бейнесімен де халыққа өнеге көрсетуі керек. Қонымды Киім кию әдебі — адамдардың ақыл-ойы, эстетикалық талғамы мен еңбегінің жемісі. Адам ортасына қарай киім таңдайды. Тойға киетін киімді жұмысқа киіп бармайды. «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» деген нақыл бар. Адам туралы алғашқы пікір оның сыртқы бейнесіне байланысты туатыны рас. Бірақ «қымбат киім киген адам ғана жақсы болып көрінеді» деген ой тумауы керек. Бұл жерде бойға қонымды, үйлесімді, жинақы киім туралы айтылып тұр. Киім адамның болмысын, ерекшелігін көрсетеді. Киім кейде адамның мәртебесін көтереді, кейде адамды әдепсіз етіп көрсетеді, кейде талғамсыз етіп көрсетеді. Жарасымды, қонымды киім киген адам қашан да Өз-өзіне сенімді болып көрінеді. Киім адамды суықтан, ыстықтан, жауын-шашыннан қорғайды. Ниіміне қарап адамның жасын, жынысын, қайда жұмыс істейтінін білуге болады. Тігіншілер мен дизайнерлер жылда мыңдаған киім үлгісін ойлап шығарады. Соның арқасында ер адам өзінің даралығын сақтайды, басқа