В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
сьдвщы
сьдвщы
23.01.2022 10:31 •  Қазақ тiлi

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖАЗЫЛЫ
ТЫҢДАЛЫМ оқылым Айтылым
3-тапсырма.
Мәтінді тыңда. Түсінгеніңді айт. Оқы.

Төр
сыйлы орын
Төр — қонақ бөлменің жоғарғы жағы. Ол — жасы үлкен адамдар, қонақтар отыратын сыйлы
орын. Қазақ үйге келген қонақты «Төрлетіңіз!», «Төрге шығыңыз!» — деп қарсы алады. Көрпе
төсеп, жастық қойып, төрге отырғызады, құрмет көрсетеді.
Қазақ халқында дастарқанға үлкендерден бұрын отыру ұят саналады. Себебі алдымен аң
сақалды ата мен аң шашты әжені сыйлап, төрден орын береді. Үлкен кісілер — көпті көрген,
сыйлы кісілер. Қазақта «төріңнен қарт кетпесін» деген сөз бар. Себебі қарт тілегін айтып, бата-
сын береді. Төрде қарттар, одан төмен жастар отырады.
Тамаққа да үлкендерден бұрын қол созуға болмайды. Ол – әдепсіздіктің белгісі.
Дастарқанда үлкендермен жарысып сөйлеу де ұят саналады. Қазақ дастарқаны дос, бауыр,
туыс қана емес, кез келген адамға ашық. Қазақтар бір-бірінің үйіне барып, жиі араласқанды
ұнатады. Әсіресе ата-анасын әрқашан құрметтеп, үйіне шақыру, төрге отырғызу - қазақ бала-
сы үшін әрі міндет, әрі парыз. Өйткені дастарқан – жақсылықтың басы, қуаныштың белгісі.
Пересказ

Показать ответ
Ответ:
KarinkaMalinka303
KarinkaMalinka303
16.12.2020 19:18

Үзінді:

Өгізді өрге салма - қанатың талар, наданға сөзіңді салма - сағың сыңар.

Түсіндірме (комментарий):

Өгізді өрге салма - қанатың талап деген үзіндіде өрге салынған өгіз адамға ауырлық тудырар. Наданға сөзіңді салма- сағың сынар деген үзіндіде ақын: наданға сөзіңді салсаң надандықтың белгісі ешқашан оны жүзеге асыра алмайды,- деп баяндап кеткен.

Үзінді:

Досыңа өтірік айтпа - сенімің кетер, дұшпаныңа сырыңды айтпа - түбіңе жетер.

Түсіндірме (комментарий):

Ақынның "Досыңа өтірік айтпа - сенімің кетер" деген себебі, жақын қасыңда қуанышыңмен қуанып, қайғыңмен қайғырып жүрген досыңды сатып, оған өтірік айтатын болсаң, бұл уақытта досыңның саған деген сенімі жоғалады. Ал "Дұшпаныңа сырыңды айтпа - түбіңе жетер" деген жерде дұшпан дұшпан күйі қалады. Адам өзі тыры ешқашан түзелмейді. Ол ертең сенің сырыңды біліп алса, ол ешқашан саған жақсылық ойламайды. Тек түбіңе жетпей қоймайды.

Үзінді:

Жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма, өрісің тарылар.

Түсіндірме (комментарий):

Жаманның малы үшін жақсының жағасынан алу бұл өте әдепсіздік. Ешқашан біреудің орнына біреу жапа шекпеу керек деп ойлаймын. Себебі, әркім қолымен жасағанын мойнымен көтеру керек. Осылайша, өрісің тарылар деген себебі, көп адамның алдында абыройыңмен қатар беделің түсуі мүмкін деген ақын.

Үзінді:

Мақтаншақ жігіт жисаң, ұятқа қалдырар.

Түсіндірме (комментарий):

Мақтаншақтық көпке жеткізбейді. Осы себепті, мақтаншақ болмау керек. Мақтанып жүрген адамдарға кеңесім адамдар сізге рахаттана қарайтын шығар, бірақ бұл сауап бола алмайды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Flvme
Flvme
02.08.2021 11:52

Мен үшін сүйіспеншілік – тіршіліктің негізгі тірегі.  Жалпы, менің ойымша, сүйіспеншілік – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Сүйіспеншілік ұғымының аясы өте кең. Айналамыздағы келеңсіз жағдайлар мен кедергілерді жеңуге көмектесетін де осы сүйіспеншілік. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан, оның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, жайсаң жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, алып – ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.

Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көре бастайды. Мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне жүріп, өмірге төселеді. Есейе келе толағай сүйіспеншілікті айналасынан көру-көрмеуі екіталай. Әйтсе де, адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық. Ендеше, сүйіспеншілікті өмірлік ұстанымызға айналдырып, барлығымыз бақытты болайық!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота