Мәтіннің алғашқы тыңда, тақырыбын анықта. а) Егемендікті ұлықтау б)Жастар мәселесі с)Тәуелсіздіктің тарихы
Тағдыр әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін қазақтың дарқан даласына қоныс тепкізді. Аузын ашса жүрегі көрінетін кең пейілді қазақ халқының ыстық мейірімінің арқасында тағдыр тәлкегіне ұшыраған көптеген өзге ұлт өкілдері ұрпағын, қасиетті шаңырағын сақтап қалды. «Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры – алауыздықта» деп бекерге айтылмаса керек. Бірлігі жарасқан елдің босағасына береке ұялайтыны бесенеден белгілі. Елбасы Қазақстан халқын «...жұмған жұдырықтай бірліктің арқасында алмайтын асу, жеңбейтін кедергі болмайтынына» сендіріп, еліміздегі сан түрлі этнос өкілдерін қоғамдық ұйысуға, жарасты ынтымаққа бастады. Әлем тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі Махатма Гандидің «Дүниені өзгерту үшін өзіміз өзгеруіміз қажет» деген ойлы сөзі бар. Өркениетті, көшбасшы елге айналу, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру мақсатындағы іс-қимылды әр азамат өзінен бастауы қажет.
Байқап қарасақ, бүгінде ғаламтор жастар өмірінің айнымас бір бөлігіне айналғандай. Өйткені, жолда, жұмыста, тіпті ас ішіп отырса да ұялы телефонға немесе агентке телмірген жастарды көретін болдық. Басым көпшілігін сыртқы орта, айналасы, ата-анасы, достары, оқу мәселесі қызықтырмайтыны соншалық, ғаламторға сүйеніп, кітап оқуды, ізденуді қойды десек те болады. Өйткені, ғаламторға кіріп, керекті мағлұматтың атын жазсаңыз болғаны, түрлі рефераттар, зерттеулерді тауып, дайын нәрсені шығарып, мұғалімге өткізе салады. Бұрындары бесік жырын, әжесінің ертегісін тыңдайтын бала қазір компьютердің ойындарын, ғаламтордың мағлұматтарын тыңдайды.
Сонымен қатар, сүйегі енді қатып келе жатқан баланың компьютер алдында ұзақ отырғаннан көзі талып, жотасы сыздап, тәй-тәйлап қадам басқаннан-ақ көзілдіріктің көмегіне жүгініп жатқаны. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәуле көзге кері әсерін тигізіп қана қоймай, баланың ұдайы отырғанынан түрлі ауруларға шалдықтырады. Онымен қоса, компьютерге енгізілген ойындар атыс-шабыс, қан төгу және жауыздыққа бағытталған болып келеді. Осы ойындарды бала ойнағаннан, оның психологиясына жаман әсер беретінін өздеріңіз де білесіздер.
Біздің ойымызша жаңа замандағы қоғамның әлеуметтік құрылым нақты, обьективтік құбылыс, ол өзгеріп, дамып отырады, жаңа элементтері мен бөлшектері пайда болуда. Жаңа әлеуметтік құрылым қоғамның немесе әлеуметтік топтың ішкі құрылымы, институттар мен әлеуметтік топтардың реттескен түрі. Әлеуметтік құрылым негізіне ерекше қажеттіліктер мен мүдделер, өмір салтының әр түрлі әлеуметтік түрлерінің болуы жатады. Әлеуметтік құрылым халықтың тұтастығымен тұрақтылығын сақтауда маңызды рол атқарады. Жаңа замандағы қоғамның әлеуметтік құрылымның маңызы мыналар: кіріс, табыс, мамандық, билік, білім деңгейі т.б