В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
natalizotowa198
natalizotowa198
05.05.2022 22:00 •  Қазақ тiлi

Мəтіннен мазмұны бойынша пікір алмасындар.

Показать ответ
Ответ:
snezhana0709
snezhana0709
30.04.2021 04:42

Объяснение:

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.

0,0(0 оценок)
Ответ:
karolinaivanova10
karolinaivanova10
24.06.2020 16:01

Ардақты Шәкәрім ата!

Бүгін, тап осы күні сіз 160 жасқа толыпсыз! Кім тойлап жатыр, қайда тойлап жатыр, тойлап жатыр ма өзі – оны мен айта алмаймын! Білетінім – жарық дүниеде бар кезіңізде жарытып жақсылық көре алмағаныңыз! Рас, жастай әкеден айрылып, ұлы Абайдай данагөйдің тәрбиесінде болдыңыз, ақыл-кеңесін тыңдап, өнер деген қасиетті көшке ілестіңіз!

Сіз баяғы ғұлама бабаларыңыз – Әбунасыр Әл-Фараби, Абыз Ахмет Иассауи өткен сара жолға соқпақ салып, көп тіл білуге талпындыңыз, сосын да араб, парсы,түрік, тіпті орыс тілдеріне де жетік болып қалыптастыңыз. Сіз ғалымдық жолды да аса қадірлеп, ғылыми еңбектер түзуге барынша белді бекем буып, шежіре кітабын, мұсылман шарты толғамын дүниеге әкелдіңіз. Бұл ғана ма, жоқ, сіз ұлт поэзиясына да өлшеусіз үлес қосып, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», т.б. дастандарды тудырдыңыз. Ал, бұдан да бөлектеп, ерекше маңыз бере айтарлығы – Сіз орыс ойының алыбы, көркем әдебиеттің асқар шыңы Лев Толстоймен терезесі тең кісідей тілдесіп, хат жазыстыңыз, бұны екінің бірі істей алар ма? Қысқасы, Шәкәрім атай (сіз менен жүз жас үлкенсіз, ата демеске болар ма), қазақ деген халыққа осыншама ұлы мұра жасап, өлшеусіз еңбек сіңіріп келе жатсаңыз да, өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы ылаң кезең сіздің қадіріңізге жеткен жоқ!

Сізді ой деңгейі кіндігінен де төмен бір топас (бәлкім, біреу емес, бірнешеу) мылтық кезеді де, атты да тастады! Ой, Тәңір атқыр-ай! Ой, жетесіз-ай! Сіздей ой алыбына қалай ғана қол көтерді екен? Әй, бірақ, өмірінде сіздің биікке көтеріліп көрмеген тасмаңдайға неге олай еттің деудің өзі ақымақшылық! Жетесіз ғой, жетесізге не етесіз?

Атажан, сіз бүгінде егемен елімізбен бірге жас ұрпақ жадында жатталып, атағыңыз аспандап тұрғанын білмейсіз-ау! Әлде, біліп жатыр ма екенсіз? Қалай десек те, әр істің артын дұрыстаған жақсы-ақ, соңының қайырын берсін дейтіні содан ба екен! Сізге енді ештеңенің де керегі жоқ, бүгінгі ұрпағыңызға жүз алпыс жастың биігінен көз сала қарап тұрсыз. Бірақ, біз сізді іздейміз, сіздей ой алыптарын сағына аңсаймыз!

Сіздер неге... соншама азсызсыздар? Неге тым сирек туасыздар? Сізге құттықтау сөзімді арнай отырып, осы жолдарды соншалық қамығып жазып отырғаным да рас! Мына қамығыңқылау халқыңды өлмес рухыңмен, көнермес парасат-пайымыңмен демей берші, Толстой биігіндегі ойшыл Тұлға!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота