Менің алтын балыққа айтар тілектерім тым қарапайым болар еді.
Бірінші тілегім: Өмірде қыз баланың ең маңызды міндеті – тұрмыс құрып, ана болу.
Екінші тілегім: Құрған шаңырағымның керегесін кеңейту, үлгілі отбасы болу.
Үшінші тілегім: Ата-анамды қадірлеп, аялай білсем деймін. Әке-шешемнің ата-әже атанып, немересінің қызығына тоймай отырғанын көргім келеді. Сондай-ақ, туған-туыс, бауырларыма да көмектескім келеді.
Жұмысымның алға басып, алдағы уақытта диссертация қорғап, шәкірт тәрбиелеуді де армандаймын. Адамның арман-тілегі көп қой! Оның бәрін айта берсем, менің ұстап алған алтын балығым «мына қыздың тілегі таусылмайды екен» деп қашып кетер.