Мақаланы оқып, бөліктерін қалпына келтір. қала орталығында орналасқан өлкетану мұражайы
қазіргі заманның талабына сай безендірілген. Мұражайда
өте көп тарихи жәдігер сақталған. Мұражай қызметкері
жәдігердің ерекшелігіне тоқталып, қызық ақпараттар берді,
эр
Әсіресе «Алтын адам» туралы ақпараты балаларды ерек-
ше қызықтырды. Туған табиғатымыздағы түрлі аң-құстың
қатырылған бейнесін кәдімгі тірі аң-құстардан ажырату
қиынға соқты.
Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.