В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
ESKIMO111
ESKIMO111
10.11.2021 18:09 •  Қазақ тiлi

Маған лайк басшы отынем​

Показать ответ
Ответ:
Kioto5Tonaka
Kioto5Tonaka
07.05.2022 10:30

Шығарма

 Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...

 Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.

 Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.

 Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
vlados546712
vlados546712
19.08.2022 22:00
Тәуелсіз қазақ елі 
        Қазақ елі мен жері ұлан байтақ. Жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша 9 орында екені бізге мәлім. Пайдалы қазбалары да өте көп мол. Бүгінгі күнде дамыған, әлемге әйгілі мемлекет.         Міне, Тәуелсіз Мемлекет атанғанына биыл 21 жыл толып отыр. 21 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елін көркейтіп, дүние жүзіне таныта білдік. Бұл  үлкен – жетістік. Әрине, бұның бәрі елбасымыз Нұрсұлтан атамыздың арқасында. Әрине, бұл күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Осы азат күн үшін ата-бабамыз, әпке – ағамыздың қаншама көз жастары төгілді, көптеген қан төгілді. Бұл бостандықты  халқымыз бұрыннан  тілеген. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» аламапты, «Кіші қазан» төңкерісі, Қабанбай, Бөгенбай, Исатай мен Махамбет көтерілістері, осы азат күн үшін күрескен.  Осы көтерілістерден кейін енді ғана есімізді жиып келе жатқанда, Ресей  бодандығына  кірдік. Одан көрмеген  азаптарымыз қалды ма? Тіптен тіліміз бен дініміз жойылып кете жаздады. Қаншама халық  аштықтан қырылды. Дәл  осы кезде Германия Ұлы Отан соғысын ашты. Бар жиған – тергенін, азық – түлігін халқымыз, майданда жүргендерге берді. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін,  қанша Ресей бодандығында болсақта, есімізді жиып, Сәбира, Ляззат, Қайрат сияқты жау жүрек  батырларымыз Тәуелсіз мемлекет болуымыз үшін қайтадан  көтеріліске шықты. Осы әпке – ағаларымыздың арқасында 1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіз күні болып жарияланды. Осы жылы  1 желтоқсан күні Президентіміз сайланды.         Осыдан 21 жыл бұрын  егемендігіміз жарияланды. Ата – бабамыз сан ғасырлар армандаған арманға қол жеткіздік. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, қазақ халқының басын біріктіріп, ел қылуға Елбасымыздың үлесі зор. Қанша  айтқан мен Ол кісі біздің Тұңғыш Президентіміз. Атамыздың арқасында  еліміз елге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Елін көркейтті, экономикасын дамытты, саясатын  жақсартты. Құрып кетуге шақ қалған, діні мен тілін, салт – дәстүрін  қайта жандандырды. БҰҰ – на мүше болды, ТМД  - ға кірді.  Қазақ елін айтқанда, Сарыарқаның төсіне көшіп  келген бас қаламыз  - Астананы қалайша ескертусіз қалдырамыз? Биыл астанамыз Астана болғанына 15 жыл толды. Қазіргі Астана бұрынғы Целиноград емес. Өте әдемі, көркейген қала. Астана қаласына  келген қонақтарымыз, жас  қала Астананы көргенде таң қалады. «15 жыл ішінде  қалайша тез көркейіп, жақсардыңыздар?» - деген сұрақтар көп туындайды. Кейбір  елдердің президенттері: «қазақ елі, өзге мемлекеттерге үлгі болатын ел» деген екен. Тіпті, қазақ елінің жастары үшін көптеген университет, колледж, лицейлер ашылды.  Дүние жүзіндегі ең үздік университеттердің қатарына біздің еліміздегі, Алматы қаласындағы Әл - Фараби  атындағы университет  пен Еуразия Ұлттық Университеті кірді. Бұл Университет Астана  қаласында салынған. Жастарды «Болашақ»  бағдарламасымен шетелге оқуға  жіберілуде. «Дипломмен ауылға» атты шарасы іске асырылуда.         Астана  қаласын ОБСЕ, Саммит, Азия ойындары өтті. 2017 жылы ЕХРО 2017 жоспарлануда. Яғни, қазақ елі  бұдан да танымал болмақшы. Бұл, біз үшін  куаңтарлық жаңалық.         Міне, бүгінгі күнде еліміз бақыты күн кешуде. «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дегендей, отан үшін өмірін қиғандардың есімдері, әрқашан халықтың жүрегінде сақталады. Мен Отанмды  жақсы көремін. Мұқағали атамыз айтқандай Отан – біздің  бақытымыз. Біз Отанның болашағымыз. Елімізді әрі қарай көркейтетін мына біз боламыз!         Еліміздің келешегі – бүгінгі әрекеттеріміз, ұтымды  ұмтылыстарымыз және саналы ұрпақ!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота