Мағынасын түсіндіріңізші өтінемі
суалмайтын суат жоқ
тартылмайтын бұлақ жоқ,
құйрығы суда тұрса да,
уақытысы жеткенде
қурамайтын құрақ жоқ.
дүние деген фәни бұл,
жоқта мият жоқ.
бәрінен де қиын сол екен,
артында жанған шырақ жоқ –
деп әйтеке атынан айтылатын нақыл сөз де оның ойы терең, өмірден білген-
түйгені мол, өз заманының ақылгөйі екенін аңғартады.
Солардың бірі Лох-несс құбыжығы
Шотландияның шағын көлі Лох-несстен бірінші болып құбыжықты көрген Рим легионерлері болса керек. Судан ойда жоқта шығатын бұл құбыжық талай адамдардың жанын жалмап, біраз қайықтарды жұтқан-мыс. Аңыздың кең тарала бастағаны соншалық, ол жайлы ақпарат 1933 жылдары газеттерге де шыға бастайды. Содан бастап оның атағы жер-жаһанға жайылып, көпке танымал құбыжыққа жұрт «Несси» есімін береді. Сол жылдары айналдырған бір айдың ішінде Несси су бетіне 15 мәрте шығып, көпшілік көзіне түседі… Ал 1943 жылы бір ұшқыш көл үстінен ұшып бара жатып, айдыннан алып жыланның сұлбасын көріп суретке түсіріп алады. Құбыжықтың бар-жоғын білгісі келген мамандар көлде дыбыстық зерттеу жұмыстарын да жүргізген. Олар көл түбінде оңай көтеріліп, ептілікпен жүзетін ауыр денелердің бар екенін анықтаған. Бірақ ғалымдар оның не нәрсе екенін біле алмаса керек. Бірі мұны түкке тұрмайтын жасандылық деп түсіндірсе, екіншілері құбыжықтың бар екенін дәлелдейтін дәйектер келтіріп әлек. Вирджиния университетінің профессоры Хенри Бауэр «бұл — ежелгі плезиозаврлардың тірі қалған бір түрі болуы мүмкін» деген болжам айтқан. Осындай адам сенгісіз әңгімелерімен көпшіліктің қызығушылығын тудырған құбыжықтың көлін көруге алыс-жақын шетелден арнайы келетіндер саны арта түскен.
Дәл осылайша таңғажайып аңыздармен аты шыққан көл — Бросно.
Бұл көлде төменгі Новгородты бетке алған татар-моңғол әскерінің күл-талқанын шығарған алып құбыжық мекен еткен-мыс. Бұл жердің адамдары да кезінде айдын бетінен аузынан от шашқан айдаһарды көрген. Алайда бұл оқиғаларға айдаһардың еш қатысы жоқ екен. Мәселенің мән-жайы кейін белгілі болды. Аталмыш көл түбінде қысымы өте жоғары газдар жинақталатын көрінеді. Газ су түбіндегі тербелістер кезінде алапат күшпен көкке атылады. Міне, балықшылардың із-түссіз жоғалуына, шағын қайықтардың су түбіне кетуіне осы жайттар себепші болған. Ал егер сол уақытта балықшылар темекі тартып отырған болса, айдын беті бір сәт қызыл отқа оранады. Көл айдаһары жайлы аңыз осыдан шықса керек. Норвегияның Ремшен көлі де құбыжығы көп айдынның бірі. Бұл көлден де бірталай куәгерлер ұзындығы 15 метрге жететін жыландарды, алып айдаһарларды көрген. Ремшенді зерттеген мамандардың құрылғылары да су түбінен шыққан беймәлім дыбысты жазып алған. Алайда құрылғыдағы бұл дыбыстар ғалымдардың нақты шешім қабылдауы үшін жеткіліксіз болып отыр.