В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
shkolnig2013
shkolnig2013
21.10.2020 03:14 •  Қазақ тiлi

Маган жиберген жауап коринбиді маған жеке жиберинизши отиниш

Показать ответ
Ответ:
nikitleas
nikitleas
19.07.2021 16:09

Ел тәуелсіздігінің маңызды нашаны – мемлекеттік тіл. Ол – тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен салт-санасының, рухани болмысының тірегі. Тіл арқылы халық өзге халықтардан ерекшеленеді. Тіл – ұлттың өзгеден ерек даралығын анықтайтын белгісі. «Қай ұлт болсын тілі арқылы ғана халықтың өзге туыс және туыс емес халықтардан ерекше болмысы мен табиғи қалпын, өзіндік дәстүрін көрсете алады» [1, 6].

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. 135-тен астам халық бірлік пен татулықта өмір сүріп жатыр. Әрбір ұлт өкілдері өз тілдерін, салт-дәстүрін  сақтап қалуы үшін барлық жағдай жасалуда. Оны елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та атап өткен болатын: «Біз көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз»[2, 24].

Әр тәуелсіз мемлекеттің ерекше белгілері болады. Олар: елтаңбасы, әнұраны, туы және тілі.

 Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Контитуцияның 7-бабында тілдер туралы айтылады:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.

Байқап отырсақ, мемлекеттік тіл мәртебесі қазақ тіліне берілгенімен, орыс тілі тең дәрежеде деп есептелді. Соңғы жылдарға дейін қолданыстағы тілдерге келгенде оның басымдылығы байқалуда. Мемлекеттік мекемелерде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында да іс-қағаздар орыс тілінде жүргізілгені белгілі. Қазір де орыс тілінде іс жүргізіп жүрген мемлекеттік мекемелер бар.

Орыс тілі көптеген жылдар бойы мемлекеттік тілмен салыстырғанда басым қолданыста жүріп келді. Халықтың 90% орыс тілін жетік меңгерген. Қазақ тілінің жайы өзгеше. Ол тек қағаз жүзінде жүргізілді. Қолданыстағы жағдайы нашар. Осыған орай мемлекеттік тілдің қызметін арттыру үшін түрлі бағдарламалар, жобалалар қабылдана бастады. Солардың бірі –  «Үштілділік» мемлекеттік бағдарламасы. Бастауын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев салып берген бұл бағдарлама қазақ тіліне үлкен басымдылық беріп отыр. 2011 жылдан бастап мықтап қолға алынған жоба бүгінгі күні өз жұмысын бастап кетті әрі оң нәтиже беріп келе жатыр. Елбасымыз Қазақстан халқы ассамблеясының  ХҮІІ сессия отырысында Қазақстан аймағында тұрып жатқан халықтардың басын қосатын тіл қазақ тілі болуы керек деп анық атап айтты:

«Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы шуақтары іспетті.

Бұл ретте байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар.

Ол – біздің талайлы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз.

Ол – біздің байтақ мәдени мұрамыз бен қазығы берік мемлекеттік тіліміз»[3, 7].

Елбасымыз өз жолдауларында нақты мақсаттар қойды. Ол мемлекетік тілдің қызметінің артуына баса назар аударып, 2025 жылы қазақ тілін білетін жалпы халықтың көрсеткіші 95% құрауы керектігін айтады:

«Тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Бұл үшін тіл саясатын салауатты және дәйекті, қазақстандықтар сөйлесетін бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу керек.

2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс.

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.       

Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналды. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйымдастыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі» [2, 5].

Тілдер гармониясы. Тілдер гармониясы дегеніміз – тілдердің үйлесімде бірлесіп өмір сүруі. Бұл көпұлтты мемлекетке тән құбылыс. «Ұлттардың бір-бірінен тілдік айырмашылығы олардың кеңістіктегі гармониялық бірлігін де қамтамасыз етеді. Дүниенің сұлулығы, табиғаттың кереметі – ондағы сан алуан түстердің гармониясы болуымен құнды десек, адамзаттың рухани әлемнің байлығы – әртүрлі ұлт мәдениеті мен ұлт тілдерінің гармониялы дамуымен де ерекше»[1, 6].  

«Үштілділік» бағдарламасының негізінде

         қазақ тілі  орыс тілі       ағылшын тілідерін

меңгеру көзделуде.

Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр.

Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
mazurone
mazurone
04.12.2021 05:57
Согласно правилам работы с компьютером, дети не должны сидеть за компьютером 2 часа, взрослые - 5 часов. Изучите правила работы во внешнем. Он находится в полуметре от компьютера. Не превращайте компьютер в игрушку. Не сидите долго за компьютером. Используйте при необходимости. Ваше зрение ухудшается. Запланируйте свое время, чтобы посидеть за компьютером. Делайте перерыв каждые 15 минут, сидя за компьютером. Во время перерыва делайте упражнения для глаз. Посмотрите вправо, влево, вверх, вниз и прокрутите. Выглянуть в окно. Затем посмотрите на что-нибудь близкое вам. Повторите это упражнение несколько раз. Надевайте специальные защитные очки. Помещение, где находится пена, не должно быть пыльным. Не ешьте перед компьютером и очищайте воздух. Длительное удержание мыши вызывает боль в пальцах, и знайте, как это делать правильно!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота