В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Alexandranovik71
Alexandranovik71
08.01.2023 06:38 •  Қазақ тiлi

Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында, Бекетай деген жерде дүниеге келген. Махамбет әкесі Өтемістің ң бірі болған. Әкесін 1816 жылы «үйінде қашқындарды ұстайды» деген айыппен түрмеге қамайды. Бұл қайғылы оқиға 13 жасар Махамбеттің жан дүниесіне өшпес із қалдырады. М.Өтемісұлы батыр, палуан, мерген, домбырашы, күйші, сазгер, ұлт-азаттық көтерілістің жалынды жыршысы, рухани көсемі. Шығармаларының басты тақырыбы: ерлік пен елдік, туған жер, ұлт-азаттық көтеріліс және Исатай образы. Ел мен жер туралы «Қызғыш құс» өлеңінде көлді қорыған кішкентай құс пен өзінің өмірін салыстырып суреттейді. Ерлік туралы 21 тармақтан тұратын «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі ерліктің ұранындай болды. Исатайдың бейнесі «Мұнар күн», «Есіл ер», «Соғыс», «Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай» т.б. көрініс табады. Күйлері: «Өкініш», «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Терезе» т.б. Махамбет өмір сүрген заман – көтеріліс, күрес, жорық, қуғын-сүргін жылдары. Ақынның өмірін оның өлеңдерінен анық көруге болады. Махамбет Өтемісұлы жыраулардың «мендік» дәстүрін жалғастырған санаулы ақындардың бірі. Оған «Мен, мен едім, мен едім», «Менің атым – Махамбет», «Мен Өтемістің баласы» т.б. өлеңдері мысал бола алады. Махамбеттің жан-жақтылығын Жәңгір хан да байқап, өзіне жақын ұстайды. Баласы Зұлқарнайынмен бірге Орынборға Махамбетті де бірге аттандырады. Себебі Махамбет өте сауатты, орыс тілін жетік меңгерген, қайсар мінезді, сөзге шешен, батыр, бес тілді білетін жан-жақты дарындылығымен хан баласы үшін тәрбиеші, қорғаушысы, ұстазы, ақылшысы бола білді. Орынборда жүргенде М.Өтемісұлы орыс ғалымы В.И.Даль, А.С.Пушкин, шығыс зерттеушісі Я.В.Ханыков, генерал В.А.Перовский, шекара комиссиясының председателі Г.Ф.Генс, геолог Гернгрес сияқты белгілі тұлғалармен таныс болған. Қарапайым қазақ жігіті білімдарлығы, сауаттылығы, шешендігі, ақылдылығы арқасында олармен тең дәрежеде сөйлесе алған және олар естеліктерінде Махамбетке жоғары бағаларын берген. 1834 жылы Махамбет елге оралғанда Жәңгір хан оны старшын етіп сайлап, Исатайға жаңа қоныс береді. Бұл ханның халық наразылығының алдын алу үшін жасаған айласы болатын. 1830 жылдан бастап Жәңгір хан жақсы жерлерді төре-сұлтан, байларға бөліп беріп, салық санын 10-ға дейін көбейтеді. Бұл 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліске әкелді. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 3 мың көтерілісші хан ордасын қоршағанда Жәңгір хан мәселені бейбіт жолмен шешуге уәде беріп, 10 күн рұқсат сұрайды. Осы кезде хан ордасына патшаның қарулы әскері көмекке келіп, көтерілісшілер жеңіліске ұшырайды. Одан кейінгі Махамбеттің өмірі қуғыншылықпен өтеді. 1846 жылы Махамбет Қараой деген жерде Баймағамбет сұлтанның бұйрығымен, Ықылас бастаған бірнеше адамның қолынан қаза табады. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құр. Әр абзацтағы тірек сөздерді анықта.

Показать ответ
Ответ:
F1kser
F1kser
10.05.2023 10:52
Есімше — етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған өткен шақ мәнін қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен барғанмын”. Сондықтан ол бұрынғы өткен шақтың көрсеткіші қызметін атқарады. Ал “-атын, -етін”, “йтын, йтін” жұрнағы қимылдың келешекте жасалу мәнін білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең келетін сияқты”. Сөйлемдегі мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де қолданылады: “ол бұрын бізге жиі келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”, т.б. Осымен байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ қызметінде қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы: “кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”.
0,0(0 оценок)
Ответ:
alekseywindas
alekseywindas
30.08.2021 20:30

Күлтегін» жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және а ң жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында а жаралған). Бұдан кейін бүкіл а Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. «Күлтегін» жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен»). Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», – дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.

«Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота