Бітік көз, салпаң құлақ, қайқы мұрын, Көріп пе ең мұндай хайуан бұдан бұрын. Домалақ, алды-арты бірдей екен, Және де көріп жүрсіз әрбір түрін. ответ: Шошқа
Өзі сұр, бөрі емес, Ұзын құлақты, қоян емес, Жұмыр тұяқты, жылқы емес. ответ: Есек
Ол надыр құм жануары, Көзі өткір, көңілі тар, Басқа ұрсаң, қылмайды намыс-ар. Қара түгіл ханда бар, Қытайда бар, Қырымда бар, Түркістан, Үрімде бар, Хоразым, Бұхарада бар. ответ: Ит
От басында орайған, Құйымшағы сорайған. ответ: Тазы ит
Шықпайды үйден, Тоны жібектен. Күндіз ұйықтайды, Түнде дамыл таппайды. Аңға барады, Сол аңды үйден табады. ответ: Мысық
Зат есмінің жалғаулары Зат есімнің түрлену тұлғалары оның жалғаулары болып табылады. Жалғаулар, бір жағынан, өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстесе, сөйтіп, зат есімнің сөз түрлендіру жүйесінің бір көрінісі болып табылса, екінші жағынан, өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзбен байланыстырады.
Қазақ тілінде жалғау төрт түрлі: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау және жіктік жалғау. Зат есім негізінен көптеледі, тәуелденеді және септеледі. Тек адамға байланысты не адамға қатысты зат есімдер ғана жіктеле алады. Мысалы: мен бала-мын, сен бала-сың, сіз бала-сыз, ол бала, ал мен уй-мін, сен аспан-сың т. б. сияқты қолданылмайды, Кейде адам мәнінде салыстыру үшін қолданылған зат есімдер жіктеледі. Мысалы: мен асқар тау-мын, сен төбе-сің; Сен темір-сіқ, мен көмір-мін, еріт-келі келгенмін т. б.
Бітік көз, салпаң құлақ, қайқы мұрын,
Көріп пе ең мұндай хайуан бұдан бұрын.
Домалақ, алды-арты бірдей екен,
Және де көріп жүрсіз әрбір түрін.
ответ: Шошқа
Өзі сұр, бөрі емес,
Ұзын құлақты, қоян емес,
Жұмыр тұяқты, жылқы емес.
ответ: Есек
Ол надыр құм жануары,
Көзі өткір, көңілі тар,
Басқа ұрсаң, қылмайды намыс-ар.
Қара түгіл ханда бар,
Қытайда бар, Қырымда бар,
Түркістан, Үрімде бар,
Хоразым, Бұхарада бар.
ответ: Ит
От басында орайған,
Құйымшағы сорайған.
ответ: Тазы ит
Шықпайды үйден,
Тоны жібектен.
Күндіз ұйықтайды,
Түнде дамыл таппайды.
Аңға барады,
Сол аңды үйден табады.
ответ: Мысық
Зат есмінің жалғаулары
Зат есімнің түрлену тұлғалары оның жалғаулары болып табылады. Жалғаулар, бір жағынан, өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстесе, сөйтіп, зат есімнің сөз түрлендіру жүйесінің бір көрінісі болып табылса, екінші жағынан, өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзбен байланыстырады.