В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
lfrybkrrf
lfrybkrrf
17.09.2021 04:48 •  Қазақ тiлi

Мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.

Біздер, қазақстандықтар - бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр - бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар - уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.

Бірінші - Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

Екінші - бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Үшінші - зайырлы қоғам.

Төртінші - экономикалық өсім.

Бесінші - жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Алтыншы - тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Жетінші - еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлығыңызды белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, стратегия жастарымызға арналады.

1. Ел болашағы кімді толғандырады?

А)Жастарды

В)Ұстаздарды

С) президентті

Д) қоғамды

2. Берілген ақпараттарды мәтін мазмұнына сай сәйкестендіріңіз.

р/с Ақпараттар р/с Ақпараттар Сәйкестендіру жауабы

А Мәңгілік ел 1 Стратегия мақсатына жетуге шақырады.

В Президент 2 Басты құндылықтар жасалды.

С 22 жылда 3 Ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.

3. Мәтіндегі ақпараттарды ретімен орналастырыңыз.

Мәтіндегі ақпараттар Реті

Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі

Зайырлы қоғам

Бірлік, бейбітшілік пен келісім

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы

Экономикалық өсім

Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы

4. Бос орындарға мәтін мағынасына қарай қажетті сөздермен толықтырыңыз.

Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, , ұлы жетістіктерімізді еселедік.

5. Берілген сұрақтарға тыңдалым мәтіні бойынша жауап беріңіз.

«Қазақстан жолы - 2050» стратегиясының басты мақсаты қандай?



Жазылым

Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша эссе жазыңыз (80-100сөз). Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданыңыз.

Ұсынылатын тақырыптар:

1.Бір саланы таңдап, әрі қарай дамытудың жолдарын ұсыныңыз.

2.Айтыс өнері туралы не білеміз? Түрлері, ерекшелігі жайында жазыңыз.

3. Қазіргі уақыттағы қандай айтыскерлерді білесіз?

4.Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш қызметіндегі жетістіктері және «Байқоңыр» ғарыш айлағы жайында не ойлайсыз?

Показать ответ
Ответ:
катерина424
катерина424
06.04.2020 23:07
Қазақстан болашағы-қазақ тілінде. Тіл халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын шыншылдығын көрсететін, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Тіл туралы заң-адастырмас Темірқазық.
Тіл-қазына, мұра, күнделікті еңбек, тұрмыс, өмір сүру қаруы. XXI ғасыр табалдырығында тұрған осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың бір жолы бар. Ол тағылымды тарихыңды таныту, өрелі мәдениетіңді өрістету, озық ғылымыңды көрсету. Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар. Олар тілі, діні, саны және салт-дәстүрі. Осы төрт қазықтың ең маңыздысы-тіл. Ұлы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» деп көрегендікпен айтып кеткен.
Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды. Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Бұрын жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазаығы аталар мен әжелер болатын. Жас ұрпаққа иманжүзділіктің ұрығы әженің әлдиі мен атаның өнегесі арқылы сіңеді. Ана тілі*-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді? Сондықтан тіліміз ана тілі атану үшін, күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс.
Ал екінші бақытым- Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім, -деп Мұқағали атамыз жырлағандай ана тіліміз ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік тірегі-тіл. Демек, тіл мерейі үшін күрес-киелі күрес. Таудың кәусар бұлағы қандай таза болса, қазақтың тілі мен діні де сондай таза. Мен үшін ана тілім-Абайдың сөзі, Ақан серінің әні мен Құрманғазының күйі болып есептеледі. Тіліміздің өркендеуі үшін әр азамат үлес қосуы және ат салысуы тиіс.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде шын мәнінде үстем жағдай иеленіп келе жатыр, оны ұлтына қарамастан біздің еліміздің барлық азаматтары меңгеретін болады деп сенімдеміз. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытса екен демекпіз. Бұл үшін бізге төзімділік, белсенділік іс-қимыл қажет.
Елдің ертеңіне кепілдік болар жас буынның бойына сіңіріп, ойына руханиялықтың дәнін дер кезінде егу біздің парызымыз. Еліңді тану үшін –тіліңді білу керек емес пе ағайын!
0,0(0 оценок)
Ответ:
lenin1488
lenin1488
20.05.2023 18:37

өл болар» – деп дана айтқан халқымыздың әл – ауқаты көтерілді. Мұғалімдер мен дәрігерлер, қызметшілердің жалақысы өсуде. Бір – екі жылдың арасында ғана 3 ми ұстануда. Осының арқасында ел даму үстінде. «Көп біріксе – ел болар, көп тілегі көл болар» – деп дана айтқан халқымыздың әл – ауқаты көтерілді. Мұғалімдер мен дәрігерлер, қызметшілердің жалақысыөл болар» – деп дана айтқан халқымыздың әл – ауқаты көтерілді. Мұғалімдер мен дәрігерлер, қызметшілердің жалақысы өсуде. Бір – екі жылдың арасында ғана 3 ми ұстануда. Осының арқасында ел даму үстінде. «Көп біріксе – ел болар, көп тілегі көл болар» – деп дана айтқан халқымыздың әл – ауқаты көтерілді. Мұғалімдер

Объяснение:

мен дәрігерлер, қызметшілердің жалақысыөл болар» – деп дана айтқан халқымыздың әл – ауқаты көтерілді. Мұғалімдер мен дәрігерлер, қызметшілердің жалақысы өсуде. Бір – екі жылдың арасында ғана 3 ми ұстануда. Осының арқасында ел даму үстінде. «Көп біріксе – ел болар, көп тілегі көл болар» – деп дана айтқан халқымыздың әл – ауқаты көтерілді. Мұғалімдер мен дәрігерлер, қызметшілердің жалақысы

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота