Менің сүйікті қалам - Шымкент. Ол - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Басқа облыстарға қарағанда халық өте көп шоғырланған. Өйткені климаты жылы, ауа-райы жайлы болып келеді. Қаламыздың көкорай шалғын шөптері, ағаштары, жайқалған гүлдері оны одан әрі әсем етіп, көркем етіп көрсетеді. Шымкентті «жасыл қала» деп аталуының бір себебі де осы. Шымкенттің айналасында Бадам және Арыс өзендері ағып өтеді. Шымқаланың орталығында көптеген саябақтар, ойын-сауық орталықтары, зообақ, цирк, сауда орталықтары бар. Саябақтарда көптеген тарихи мүсіндер қала көркіне көрік қосып тұр.
Мен Шырайлы Шымқаламды шын жүрекпен сүйемін!
Сын есім - заттың түрін, түсін сапасын, сипатын, көлемін білдіретін сөздер. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мағынасына қарай Сапалық және қатыстық деп бөлінеді. Тұлгасына карай:Негізгі жане Туынды деп бөлінеді.
Зат есім - дегеніміз заттың,құбылыстың,ұғымның атын білдіріп,кім? не? кімдер? нелер? деген сұрактарга жауап береді.
Қазақтың кең байтақ жері, шөбі шүйгін алщаптары, сыбдырлаған бүлақтары, самал желі барлығы да қазақ баласының жанын жылытады. Елімізде көрнекті елдер өте көп. Ал мен болсам Алматы қаласына барар едім. сұлу табиғаты, таулары, көлдері, қала ішіндегі үлкен ғимараттар, түрлі монументтер көздің жауын алады. Қазақстанның киноларының көбісі сол жақта түсіріледі. Соған қарасаң денең түршігіп сол жаққа барып сол жақтын ауасын кеудеңе толтырып дем алғың келеді көрікті қалалардың бірі. Щынымды айтсам, Қазақ елінің табиғаты ғажап екеніне тағы бір көз жетті еліміздің əр түкпіріне барар едім осындай мүмкіндік көп болса