В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Bartova2006
Bartova2006
05.02.2020 17:49 •  Қазақ тiлi

мне нужно эссе на тему Ұлттық мерекелер

Показать ответ
Ответ:
akovlevavika444
akovlevavika444
14.01.2021 00:57

Барлық елдің өзіне тән мерекесі болады. Мерекелер ұлттық Қазақ халқындада боладды Біздің ұлттық мерекелер наурыз мейрамы тәуелсіздік мерекесі президент мерекесі ал 1мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі болады 7-мамыр отан қорғаушы күні 8-наурыз бұл халықаралық мереке 9-мамыр жеңіс күні

0,0(0 оценок)
Ответ:
tastapva
tastapva
14.01.2021 00:57

Қазақтың ұлттық мерекелер

Қазақ қоғамында ұлттық деңгейде тойланатын мерекелерге үлкен мән берілген. Ұлыс болып тойланатын мерекелер халықтың ұлттық салт-дәстүрімен, өмір сүру дағдысымен тығыз байланысты. Ұлттық мерекелердің тәрбиелік мәні де жоғары болған. Бұл мерекелердің әрқайсысының мәніне тоқталып өтсек.

Наурыз мейрамы Дәстүрлі қазақ қоғамында 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні есептелген. Халықтың мифологиялық түсінігіне орай 21-наурыз күні даланы Қыдыр ата аралайды. Ұлыстың ұлы күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі болып саналған. Самарқанның көк тасы еріген бұл күнде қыстан аман-есен шыққан ағайын-туыс, ел-жұрт бір-бірімен көрісіп, наурыз тойын тойлаған. Наурызда игі тілектер мен баталар айтылып, ойын-сауықтар өткізілген. Араз ағайындар бірін-бірі кешірген. Наурыз мейрамында жасалатын наурыз көженің шын мәнісінде адам бойына беретін нәрі де жоғары. Ұлыстың ұлы күні тек қазақ халқында ғана емес түркі тілді халықтарда да тойланады.

Қымызмұрындық Бұл мерекені қазақ халқы мамыр айының соңына қарай өткізген. Жер аяғы кеңіп, бие құлындап желіге байланғанда қыс арқасы қиянда бірін-бірі көптен көрмеген туған-туыс, ағайындар көктемгі қымызға шақырысқан. Қымыздың биені байлау мерзімі мен жасау тәсілдеріне қарай көптеген түрлері бар. Көктемнің соңында майса қымызға шақырған бұл мерекені қазақтар қымызмұрындық деп аталған. Бие сүті қымыз ауруға – ем, денеге – қуат беретін сусын ретінде ерекше бағаланған. Бұл мерекеде де ұлтымыздың жомарт, қонақжайлық мінезін байқатады.

Соғым басы: Соғым басы қыс айларының басында өткізіледі. Қысқа арналған мал сойылып, ауылдастар мен ағайын туыс қонаққа шақырылған. Соғым басын беруде ағайын – туыстарды береке-бірлікке шақыру, ақсақалдардың ақ адал батасын алу мақсаты жатыр. Бұл мерекенің

астарында бауырмалдықтың, көпшілдіктің, берекешілдіктің мәні бар. Соғым басына келе алмаған алыстағы ағайындардың «сарқыты» сақталған. Соғым басы қазақтың мәйекті тұрмыс-салт мәдениетінің бір бөлігі. Ол береке-бірліктің асы болып есептелінеді.

Сабантой Малдың қомданып, төлдерінің өсіп жетілген уақытында, шаруа адамының егінін жинап болған күз айларында тойланады. Сабан тойды түркі халықтары соның ішінде қазақ халқы да ішінара тойлаған. Сабантойда ұлттық ойындар өткізілген. қазіргі уақытта бұл мереке Татарстан Республикасында мемлекеттік деңгейде өткізіледі.

Сонымен қатар ислам дінінің келуіне байланысты халқымызда құрбан айт, ораза айт мерекелері де атап өтілген. Қазақ халқы ислам дінін еш жаулаусыз, күштеусіз өз еріктерімен қабылдады. Ислам дініндегі түсініктер мн ұғымдар қазақ халқының өмір сүру дағдыларымен ұштасып жатты. Ислам дінінің келуімен бірге Ораза айт, Құрбан айт мерекелері халықтың ерекше күтетін мерекесіне айналды.

Жоғарыда аталып өткен мерекелердің жалпы мәнінің бағасын зерделесек, заман талабына сай қайта жаңғыртуды қажет ететіндігі анық. Қазіргі күнде жастар арасында «Валентин күні», «Хелоуин» мерекелері аталып өтіліп жүр. Алайда олардың орнын басатын тәрбиелік мәні жоғары халықтық мерекелерді жаңғыртуымыз қажет сияқты. (Мәселен: «Қозы Көрпеш – баян сұлу» күні сияқты)

Ұлыстық яғни, мемлекеттік дәрежеде аталып өтілген көне мерекелеріміздің мәнін ескере отырып, мерекелеріміздің мағынасын түсіндіру үшін үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуі тиіс деп ойлаймын.

Объяснение:

можно на лучший ответ :)

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота