«Ас адамның арқауы» демекші, дәмді тағам ішкенді бәрі де ұнатады. Бірақ әркімнің сүйсініп жейтін тағамдары болады. Мысалға, мен ет тағамдарын жақсы көремін, әсіресе, ұлттық тағамымыз етті сүйсініп жеймін. Анам мерекелік күндер мен туған күндерге үнемі ет асып, үлкен дастарқан жаяды, бұл біздің отбасылық дәстүріміз десем де болады. Әдетте, қамырды анам қолдан жайып, сорпаға етпен бірге картоп пен сәбіз салып пісіреді. Ал тұздығына пияз бен сәбіз қосып дайындаған ұнайды.
Дегенмен ет асып, табақ тартқанның да ежелден келе жатқан өзіндік мән – мағынасы бар, соған тоқтала кетсем.
Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы. Сыйлы қонақтарға қойдың басын немесе ірі қараның шекесін, табақ - табақ ет тартады. Әр адамның жасы мен дәрежесіне сай түрлі мүшелер тартылады. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Осы табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.
Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.
Ал соғым сойылып жатқан кезде дайындалатын қуырдақтың дәмін айтсаңызшы, тіл үйіреді...
Осы сыныпта қанша оқушы отырмыз, біздің ішімізде үш тілділікті қолдайтын неше оқушы?
Ал, біз сияқты мемлекетімізде қанша мектеп, қанша оқушы бар?
Бірақ, бізден сұрап, ақылдасып, осы бізге қажет пе, жоқпа?- деген адам бар ма екен? Әрине, жоқ, осынша адамның тағдырын, қалауын, мүмкіндігін санаулы адамдар ғана шешіп отыр. Олардың мұндағы мақсаты не, білмедім. Мен үшін үштілділік қажет емес, себебі мен шет елге барып қызмет етуге емес, өз Отанымда қызмет етіп, өмір сүруге бел байлаған адаммын. Ал, бұл жерде маған екі тілді толық меңгерсем, жаман емес. Оған қосымша таңдаған мамандығымды жоғары дәрежеде меңгеруге тиіспін. Менің ойымша шамалы - шамалы әрнәрсені білгеннен, жоғарғы деңгейде бір нәрсені толық игерген дұрыс.
Менің сүйікті тағамым

Объяснение: