В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
математик218
математик218
15.01.2020 05:37 •  Қазақ тiлi

Моя любимая профессия сочинение на казахском языке 150 слов с переводом

Показать ответ
Ответ:
sasha07022005
sasha07022005
21.08.2020 15:14
Менің мамандығым

Өнер жолына қызыққан мен, әрдайым актриса, танымал тележүргізуші боламын деуші едім. Балалық бал дәурен кезімнен шығарма жазуға, поэзия оқуға құштарлығым қатты болды. Ең сүйікті пәндерім де қазақ тілі мен әдебиет еді. Бірақ өсе келе мен үшін өмірдегі үлкен сынақтың бірі ҰБТ-дан алған балыма байланысты өзімнің қалаған мамандығыма түсе алмадым. Бұл өмірімнің бір өтпелі қиын кезеңі болатын. Содан мамандық таңдау жағынан біраз қиналып, кейін ата-анамен ақылдаса келе Қазақтың спорт және туризм академиясына түсетін болып шештім. Әрине, ол менің қалауым емес еді, бірақ амал қанша. Алайда бұл оқу орнында мен мақсатыма жете алмадым деп айта алмаймын. Себебі, мен оқуға түскен жылы өз мамандығымнан бөлек, қосымша мамандық ретінде журналистика саласынан білім алуға мүмкіндіктерім туды. Бірақ мен бұнымен шектеліп қалмай, ары қарай “Тележұлдыз” курсына жазылып, білімімді толықтырдым. Бұл курсты оқу барысында мен журналистика жайында біраз нәрсе үйреніп, өзімнің кемшіліктерімді жөндей бастадым. Ал қазіргі таңда академиядағы барлық іс-шараларға белсене қатысып, концерттерді жүргізіп келемін. Әрине, бұл аз да болса, маған көмегі тиюде.

Журналистика саласын таңдау себебім, әрдайым ішімде жатқан сан түрлі ойлар мен әртүрлі құбылыстар ішіме сыймай кететін тәрізді. Сол кезде бірден қолыма қалам алып, ақ қағаздың бетін толтыра бастаймын. Көбіне халқыма жаным ашығаннан, әртүрлі қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға, сұлу табиғатқа қарап шабыттанып, ішімдегі құбылысты ақтарып салып, ойымды жайып саламын. Сол жазғандарың халқыңа ұнап, оқырмандарың көбейіп жатса, бір рахаттанып қалатындайсың. Иә, бұл әрбір журналист үшін үлкен жетістік емес пе?! Жалпы өнер адамы болғандықтан тек бір өнермен шектеліп қалмау керек. Себебі өнер саласы бір-бірімен байланысып жатқандықтан, ол сурет салу болсын, спорт болсын біле жүру керек деп ойлаймын. Бұл журналист үшін өте маңызды мәселе деп білемін.

Жалпы мен үшін журналистика мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Менің ойымша журналист болу үшін – мақсатына берік, өз пікірін нақты жеткізе білетін, кез-келген жанмен тез тіл табыса алатын жан болуы керек. Бұл саланың ұнайтыны да осы жері және бұған қоса күнделікті әртүрлі тағдырлар мен кездесулер, қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында жаңа мәліметтерді іздене отырып, біліміңді, ой-өрісіңді кеңейте отырасың. Болашақта Алла жазса өзімді тележүргізуші ретінде де байқап көргім келеді.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота