Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған.Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.
Әр елдің өзіндік салт-дәстүрлері, наным-сенімдері және тыйымдары бар. Кез-келген елге қонақ болып келген адам, қонақ қылған елдің салтын сақтауға міндетті деп ойлаймын. Бір елде жазаланбайтын іс-әрекет, келесісінде қатаң жазалануы мүмкін. Бір елде үлкен құрмет пен лебіздің символы аталған белгі, келесісінде мүлде басқа мағына беруі мүмкін. Мысалы, Америка және басқа батыс елдерінде көбінен таралған қолмен көрсетілетін "окей" белгісі, Түркия мемлекетінде жаман мағынаға ие. Сондықтан, саяхатшылардың құлағына алтын сырға - саяхаттамас бұрын, баратын елдің барлық қыр-сыры мен бүге-шігесіне дейін біліп алу қажет. Сол жағдайда ғана, сіздің басқа елдегі жүріп-тұрғаныңыз, сол ел азаматтарына қолайсыздық әкелмейді деп ойлаймын.
Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған.Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.
Қазақ тар төрт түлікті ерекше қастерлейді.