В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
AbraevAidar
AbraevAidar
02.04.2021 23:29 •  Қазақ тiлi

  Мысал үлгілері мен қою кестесі

«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

 

Оқылым

Тапсырма

1.              Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін салыстырыңыз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.

                                                                                                                                  [7]

1-мәтін.

           Спортқа жаны құмар Марат ұстазы  Қанат Саматұлынан олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров туралы сұрады.

– Ұстаз, Жақсылық ағамыздың  1981 жылы әлем чемпионатында жеңіске жеткені рас па?

– Әрине. Жақсылық Үшкемпіров қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы, оның есімін мақтанышпен айта аламыз.

–  Керемет! Сонда неше жасында чемпион болып тұр? Мен білмейм екен.

– 1981 жылғы әлем чемпионатында барып, отыз жасында чемпион атанды. Ағамыздың табандылығын, күш-қайратын үлгі етуге болады.

–  Кімдермен күш сынасқаны туралы айтасыз ба?

– Оған румын Александру, поляк Керпач, болгар Христов, венгр Шерештерді жеңу оңайға түспеді. Өзінің шеберлігінің арқасында жеңіске жетті, сондықтан осындай ел мақтаныштарын ұмытпауымыз керек. Марат, сен өзің қосымша ізденіп оқысаң, ағаң туралы көп ақпарат аласың.

– Түсіндім, Қанат Саматұлы. Мен үшін тың ақпараттарды айтып, қызығушылығымды арттырдыңыз. Менің де Жақсылық аға сияқты ел мақтанышы болғым келеді. Өзім ізденіп оқимын. Рақмет. Сау болыңыз.

–       Сау болыңыз. Сәттілік, болашақ чемпион.

2-мәтін.

          Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандықты қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келеді. Мұндағы мақсаты елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы                        В.А. Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысу болатын.
         Ж.Үшкемпіров бар күш-жігерін Москвада өтетін олимпиадаға қатысуға жұмсады. 48 кг салмақта классикалық күрестен 4 адам кандидатурасының ішінен аз ғана арасалмақпен алға шыққан Жақсылықтың кандидатурасы өтті. Бұл қиын жарыста тек Ж.Үшкемпіров қана жеңетінін басшылыққа дәлелдеген жаттықтырушы Вадим Александрович Псарев болды. Олимпиаданың бірінші күнгі жеребе салу рәсімінің нәтижесінде Жақсылық бірінші айқасқа ең күшті әлемнің екі дүркін чемпионы румын шебері Александрумен түсетін болды. Бұл сәтте де оны қолдап, көңілін көтерген Валерий Ризанцев пен Вадим Александрович Псаревтар болды. Олимпиада күндері Ж.Үшкемпіров чемпиондыққа үміткер қарсыластары: румын Александру, поляк Керпач, болгар Христов, венгр Шерештерді шебер техникасымен, шапшаңдығы және төзімділігімен жеңіп шықты. Осылайшы қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы болды.

(https://alashainasy.kz, өңделген)

 

 

 

 

1-мәтін

2-мәтін

Тақырыбы

 

 

 

Мазмұны

 

 

 

Тілдік қолданысы

 

 

 

Екі мәтіннің ұқсастығы

 

 

Екі мәтіннің айырмашылығы

 

 

 

 

2.     Мәтіндерден 2 негізгі, 2 қосымша, 2 детальді ақпарат жазыңыз

Негізгі ақпарат

1.

 

 

2.

Қосымша ақпарат

1.

 

 

2.

 

 

Детальді ақпарат

1.

 

 

2.

 

 

 

 

 

Жазылым

3. Жазылым жұмысына берілген тақырыптың бірін таңдап, жанрлық-стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтап, құттықтау жазыңыз.

 

1.   Бүгін қара шаңырақта ерекше қуаныш. Тұңғыш шөберенің атқа міну тойы. Ата-әжеңізге құттықтау тілегіңізді арнаңыз.

Ұлыстың ұлы күні болып есептелетін Наурыз мейрамымен шет елдегі қазақ бауырларымызға арнап құттықтау хатын жазыңыз​


  Мысал үлгілері мен қою кестесі«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары О

Показать ответ
Ответ:
Закфаныалға
Закфаныалға
17.02.2023 04:35

Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.

Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.

Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.

Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшаяқ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Әрине, жоқ. Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес.

0,0(0 оценок)
Ответ:
alekseywindas
alekseywindas
30.08.2021 20:30

Күлтегін» жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және а ң жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында а жаралған). Бұдан кейін бүкіл а Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. «Күлтегін» жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен»). Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», – дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.

«Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота